Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Ясауи кесенесіндегі шырағдандар туралы сипаттап көрсетіңіз



бет41/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

81.Ясауи кесенесіндегі шырағдандар туралы сипаттап көрсетіңіз
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі, XIVғ. екінші жартысымен мерзімделген шырағдандардың формаларының, атқарған қызметтері,шығуына байланысты зерттеулерде қамтылған.Мұндай шырағдандар орта ғасырлық ислам өнерінің өз заманына сай керемет туындылары ретінде танылып, өмір сүру ортасында кең қолданылды. Бұл шырағдандар тек жарық көзі ретінде қолданылып қойған жоқ, олардың қойылуының да ертеден келе жатқан көне дәстүрлермен тығыз байланысы бар. Зерттеулерде шырағдандардың резервуарларында сұйықтық жанатын жаңа түрлері шыққаны айтылады.
Шырағдандардағы жазуларда Әмір Темірдің есімі, тарихи мазмұндағы, сәттілік тілеген жазулар, Сағдидің «Гүлістанынан» үзінді келтірілген. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі кейбір шырағдандардың Әмір Темір кесенеге зиарат етіп келгенге дейін болғанын да жоққа шығаруға болмайды. Мемлекеттік Эрмитаж музейінде сақтаулы 4-ші номерлі шырағданның сырты он жеті белдеуге бөлінген, сыртына жазу және өсімдік тектес өрнектер түсірілген. Сол белдеулердің он үшіншісі бес медальон, бес картушке бөлінген. Бес төрт бұрышты бөліктерге сульс қолтаңбасымен жазулар әшекейленіп түсірілген.Оның аудармасына назар аударсақ Әмір Темірге деген мадақ, «Өмір кептер құрылдауымен жалғаса берсін...» деген сөздер түсірілген. Шырағданның сыртына түсірілген «кептер құрылдауымен өмір жалғаса берсін» деген сөйлемнің мәнін авторы белгісіз «Рисале–и Зикири–и Хазрети Султануи-арифин» атты шағатай тілінде жазылған шығармада Ясауи тарихатының зікірінің алты түрі берілгені туралы, осы алты зікір тәсілі «зікір кәбутер» (көгершін /кептер зікірі) «ху, ху» деп аталады деген тұжырымдармен ұштастырып қарауға болады. Әмір Темірдің аманатында «машайықтар, сопылар, тәңірмен тіл табысқан данагөйлер.Олармен ылғи байланысымды үзбей етене жақын сырластым, сұхбаттастым. Ақыл-кеңес, ақыреттік пайдаларын алдым. Олардың ділінен тәңірдің тілін танып, ғажайып кереметтерін бойыма сіңірдім, бейілдерінен рахат тауып, әңгімелеріне ұйыдым...» дейді. Кезінде осы әулиелер мен діни қызметкерлерінің мазарларына ата мұрадан қаржы бөліп, ол жерлер кілем, тағам және шырақпен қамтамасыз еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет