Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Ахмет Ясауиге аманат тапсырған Арыстанбаб туралы аңызды жазып, мәселені көрсетіңіз



бет49/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Ахмет Ясауиге аманат тапсырған Арыстанбаб туралы аңызды жазып, мәселені көрсетіңіз

Арыстан баб — әулие. Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иасауиге алғашқы ұстаз (пір) болған. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оның ұрпақтары да кейін Иасауи құрған сопылық ұйымдар жетекшілері болды. Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Ғылыми әдебиетте Арыстан баб жайлы мағлұматтар көп кездеспейді. Дегенмен Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Өлең жолдарынан Арыстан бабтың ұстаздық қызметі айқын байқалады. «Диуани Хикмет» бізге Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Арыстан бабтың қабірі ежелгі Отырар қаласы маңында. Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғасыр шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Кесене мемлекет қорғауына алынған.



  1. Ахмет Ясауи кесенесінің сәулеттік құрылымындағы түркі-исламдық дүниетанымның бейнелерін суреттеп беріңіз

Мұсылман сәулетінің ережесінде мешіт құрылысында күмбез, мұнара, көркем жазулар болды. Мешіттің ішінде міндетті түрде Кағбаға бағытталған өте көркем өрнектелген михраб орнатылды. Ислам сәулет өнерінің мазмұны, басқа да өнер туындыларының жасалуы исламдық діни ұстанымға сай болды. Исламда мешіт - әлемнің моделі мен символы.
Мешіт, ханака, медіреселерді әрлеуде исламдық сәулет өнерінде көбіне жазу өрнектеріне көп мән берілген. Күмбез, қабырғалар, жақтаулары, есік беттері т.б. бөлшектерде мұсылмандық канондық мәтіндер жазылды.
Діни тұрғыда ислам тірі жанды бейнені салуға тиым салғандықтан ислам мәдениетінде, оның ішінде ортағасырлық сәулет ескерткіштерін әрлеуде сәулеттік жазу өнерінің дамуы биік деңгейге жетті. Мешіттердегі ең қастерлі орын михраб, әдетте айнала Құран сүрелерімен әрленген.
Ислам өнерінде өрнектерді білімді, рухани дамығын адам түсіне алды. Өрнектің ішкі құрылысы мен мәні Жаратушының жаратылысының терең мағынасын қамтыған. Кеңістік пен уақыттағы шексіздікті бейнелей отыры мұсылман Жаратушы жаратқан жұмақ бағына ойша шарлады. Өрнектер арқылы Жаратушы жаратқан әлемді сезіну.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мешіт бөлмесіндегі, басқа да бөлмелердегі, жалпы ғимараттағы жазулар, әшекей өрнектер кірпіштік мозайка, майолика, ойылып, кашиннен жинақталып, өрнектелген жиналмалы мозаика сипатында түсірілген .
VIIғ. Ислам сәулетінде ұстынды мешіттер түрлері қалыптасты. Мешіттің белгілі сәулеттік бөліктері исламдық діни түсініктерді қамтыды.
1.Мешіт күмбезі-жамал,
2. мұнаралары-жалал,
3. мешіттің сыртына түсірілген Құран сөздері- сыпат.
Ислам өнері өзінің даму кезеңдерінде витраждар, яғни шыны өнері, фрескалар, мозайкалық әрлеудің түрлерін исламдық өнер талаптарына сай дамытып отырды. Тарихи даму процесінде канон, оның өзіндік өмір сүруі , қызметі әлемдік діндерде қалыптасқан өнер жүйесімен айқындалады. Сонымен қатар оған өнердің жүйесінде пайда болған жетекші өнердің айқындаушы ықпалы болды. Канонда абслютті түрде көркем ойдың өзіндік ерекшелігін айқындай алмайды. Ол тек белгілі тарихи шеңберде белгілі мазмұнды формальді деңгейде көркем толықтылықтың тұрақтылығын ұйымдастыра алды.
Мешіттердің негізгі белгісі 7 ғасырдың соңында айқындалды. Ислам дінінің тарихи даму процесінде діни, көркемдік мәнге ие белгілі символдар жүйесі пайда болған. Бірақ исламдық сенімдердің категориялары мен түсініктері пайда болған алғашқы кезеңде эстетикалық, көркемдік мәнге ие символдар жиынтығы әлсіз байқалған. Алайда кейінгі мұсылмандық сәулеттің дамуы кезінде діни-көркемдік символдар дүниеге келген.
Мәселелен, «жамал» сөзіне сәйкес Жаратушының сұлулығын білдіретін символ мешіт күмбезі болды. Құдайдың ұлылығын білдіретін «жалал» сөзіне сәйкес мешіт мұнаралары символданды. Аллаһтың әсем есімдерін білдіретін символ (сыфат) ретінде мешіттің сыртқы , ішкі қабырғаларындағы жазу болды. Сонымен қатар Аллаһ жолының мәңгілік көктеуін білдіретін түс – жасыл.
Мұсылман әлемінде мешіттердің әртүрлі архитектуралық түрлері қалыптасқаны белгілі. Мешіттердің негізгі белгісі VII ғасырдың соңында айқындалды. Көптеген мешіттердің бір немесе бірнеше мұнаралары болды. Олардан азан айтылады. Намаз оқитын бөлмеде михраб бар.
Михраб - Меккеге бағытталған мешіт бөлмесіндегі ойық. Михрабтың жанына құтба оқитын - мінбер орналасады. Мешіттің едені мен ауласына әдетте кілемдер төселіп, әрбір мешіттің жанында табиғи немесе қолдан жасалған су көздері болады.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Қарахан кесенесі т.б. көптеген кесенелер күмбезді, каллиграфиялық жазулармен әрленген, мұнаралы, қас бетті, мұнаралы болып келеді. Ясауи кесенесі, ұстаздары мен шәкірттерінің мазарларының құрылысы осы бір үлгіге негізделген. Сәулет өнеріне тән сипат қас беттегі портал және қабырғаларды сызба өрнектер түсірілген терракоталармен қаптау Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салып, әрлеуде қолданылған.
Ислам өнерінде діни ғимараттарды күмбезді етіп жасау, күмбез ұштарын қою кең дамыған.Сол ғимараттар үшін қажетті заттар, керекті материалдар дайындау ісі жергілікті жердегі шеберханаларда жүргізілді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет