Сабақтың тақырыбы: Сандық өрнектер. Әріпті өрнектер



Дата19.12.2021
өлшемі35,91 Kb.
#103617
түріСабақ
Байланысты:
4 Абдибаева Гулжанат





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1А бөлім: Натурал сандар және нөл саны

Мектеп: № 274 орта мектеп


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдибаева Г.У.

Сынып: 5"Ә",5"В",5"Г"

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Сандық өрнектер. Әріпті өрнектер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.1.1 қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіреді ;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, әріпті өрнектердің мәнін табады;

Кейбір оқушылар:

  • әріпті өрнектер құрастырып, мәндерін табады;

Бағалау критерийі

Қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіреді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Сандық өрнектер мен әріпті өрнектерді тұжырымдап айтады;



Пәнге тән лексика мен терминология:

Әріпті өрнек, сандық өрнек, өрнектің мәні, айнымалысы бар өрнектер, математикалық өрнектер, коэффицент



Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Сандық өрнек деп нені түсінесіңдер?

Әріпті өрнек дегенді қалай түсінесіңдер?

әріп бөліктері бірдей қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады;

ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:

1) олардың коэффициенттерін қосу керек;

2) алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.



Құндылықтарға баулу

- Жалпыға бірдей еңбек қоғамы;

- Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, сабақ барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау



Пәнаралық байланыс

Физика (жылдамдық,үдеу), сызу(фигуралар),жаратылыстану(шыңдар)

Алдыңғы оқу

Натурал сан және оларға арифметикалық амалдар қолдану

Есептеулерде натурал сандарға арифметикалық амалдардың қасиеттерін(ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік) қолдана алады.



Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы(9 мин)
3 мин

3 мин
3 мин



Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.



«Сағат бойынша достар» ойыны арқылы психологиялық ахуал туғызу

Шарты: Сағаттың әр санына байланысты достарына жақсы көңіл-күй сыйлайды.

1. Қолын қыс

2. Арқасынан қақ

3. Қол ұстасып күлімсіре

4. Қол бұлға

5. Көзіңді қыс

6. Бір –біріңнің алақандарыңды тигіз

7. Бір -біріңнің иықтарыңды түйістір

8. Иығынан қақ

9. Қолтықтас

10. Бастарыңды түйістір

11. Құшақта

12. Қол ұстасып 3 рет секір


Үй тапсырмасын сұрау.
ҚБ. «Көршіңді тексер» әдісі бойынша есептің слайдта берілген дұрыс шешімі бойынша бір-бірімен дәптер алмасу арқылы тексереді, бір-бірін қатесін талқылап, бағалайды.

Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету

«Ширату жаттығуы» әдісі арқылы сұрақтар қоямын.

Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосындының мәні қалай өзгереді?

Бірінші басқыш, екінші басқыштарды ата.

Кез келген бірдей сандардың қосындысын...

Арифметикалық амалдардың қасиеттерін ата.

ҚБ «Неге? Қалай? Қайтіп?» мұғалім қосымша нақтылау сұрақтарын қояды.

Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету

слайд



Сабақтың ортасы(28 мин)
4 мин

9

4



4

5

2




Миға шабуыл

Сұрақтар қою арқылы мақсатты айқындау.

17*3; 4b+5; 42:6+4; 3*(19+a);

28-a; (12+15):3; 75:a-8; 8b:5*3;



1. Құрамында сандар мен амалдар таңбалары бар өрнектерді бірінші қатараға жазыңдар.

2. Құрамында сандар, әріптер және амалдар таңбалары бар өрнектерді екінші қатарға жазыңдар.

3. Бірінші қатарға жазылған өрнектерді қалай атауға болады?

4. Екінші қатарға жазылған өрнектерді қаалй атауға болады? Не себепті?

Т диаграммасын пайдаланамын .


Сандық өрнек

Әріпті өрнек







Себебін анықтау үшін бугінгі өтетін сабағымыз көмектеседі дей келе сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.



ҚБ. Сөздік бағалау. Мұғалім оқушыны жаттығуларды жақсы орындағаны үшін мақтап, осылайша ауызша кері байланыс орнатылады. Оқушының жұмысына ешқандай белгі қоймайды, бірақ оны бағалайды.

Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету
Мұғаліммен жұмыс.

Санды өрнек деп амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнекті айтады.

Барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп атаймыз.

Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.

Санды өрнектер, әріпті өрнектер жалпы түрде математикалық өрнектер деп аталады. математикалық өрнектерді жазуда латын әріптері пайдаланылады.

Әріпті өрнектердің біреуі сан болса, ол әріп көбейткіштің алдына жазылады. Оны коэффициент деп аталады. Коэффицент пен әріптің арасына көбейту таңбасы қойылмайды.
БО. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Қосу мен көбейтудің қасиеттерін пайдаланып есептеңдер:

1 топ

А)27+58+73

Ә)(23+х)*2

2 топ

Б)(19+46)*3

В)82+с+18

3 топ

Г)53+15+77

Д)(46+у)+54
ҚБ. «Бутерброд» әдісі арқылы топ ішінде бірін бірі бағалайды .

Саралау тәсілі: қорытынды
Жұптық жұмыс.

« Сенімді серіктес» әдісі арқылы оқушылар өрнек түрінде жазып, мәнін табады:

1) 3 еселенген 48 бен 23-тің қосындысы;

2) 2 еселенген 53 пен 19-дың айырмасы;

3) 735-тің 85 пен 36-ның айырмасына бөліндісі;

4) 251 мен 649-дың қосындысының 75-ке бөліндісі,

А. 15; C B. 68; С. 12; D. 213

ҚБ: Оқушылар жұп арасында «Қосу, алу,қызықты» әдісі

арқылы бағалайды.



Саралау тәсілі: қарқын тәсілін қолдану арқылы оқушылар жеке қабілеттерін есепке ала отырып тапсырманы орындағанына қарай сараланады.
Жеке жұмыс. «Кім шапшаң?»

1-тапсырма

№ 81 Әріпті өрнектің мәнін табыңдар:

1)(9+a)+11, мұндағы а=6;

3)5b*4, мұндағы b=18;



Дескриптор:

- өрнектердегі әріптердің сандық мәнін қояды;

- қосу және көбейту қасиеттерін орындайды;

- өрнектің мәнін табады;



2-тапсырма

№ 83 Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, әріпті өрнектің мәнін табыңдар:

1)12+а+97, мұндағы а=8,3;



3)20а*15, мұндағы а=5,4;

3-тапсырма

.№ 87 Өрнектің мәнін табыңдар. Мұндағы m+n=35:



T. (m+n)+n; H. (m+n)+(n+20); A. m+(n+9);

C. (m+7)+n; Y. (m+26)+(n+14); P. (m+30)+(n+17).

Өрнектердің мәнін дұрыс тауып, оларды өсу ретімен орналастырып, тұсындағы әріптерді жазсаңдар, сақиналы планетаның атауын оқисыңдар.
ҚБ «Мен сені, сен мені» әдісі бойынша оқушылар слайдта берілген дұрыс жауаптармен, деңгейі бір оқушылар топ құру арқылы бірін-бірі бағалайды, оқушылар бір-біріне өзара көмек көрсетеді

Саралау тәсілі: тапсырма тәсілінде кейбір оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі,көмек қажет ететін оқушыларға уақыт беріледі

Дескриптор бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

1) (59+x)*4

2)(a+74)+(b+26)

(дескриптор қосымша бетте).





слайд


Оқулық

слайд


оқулық

слайд


Сабақтың соңы

3 мин


Үйге тапсырма.

№89, санды және әріпті өрнектерді өмірде қолдануға байланысты ақпарат жинау.

Рефлексия. «Шығу парағы»

Маған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . қиын болды.

Мен . . . . . . . . . . . . . . . . тапсырмаларын орындадым.

Мен . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . екендігін түсіндім.

Мен . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . үйрендім.

Мені . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . таңқалдырды..



слайд


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



Топтық, жеке, жұптық жұмыс кезеңдерінде және үй тарсырмасын тексеруде саралаудың тиімді тәсілдері қолданылады. "Көршіңді тексер" әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеруде саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі қолданылады. Топтық жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілінде қорытынды тәсілі арқылы сараланады. «Сенімді серіктес» әдісінде жұппен болып бірлесіп орындалады, «Тапсырма» тәсілі арқылы сараланады.

Сабақ мақсатын айқындау барысында оқушыларға "Миға шабуыл" жасалады. Мұғалім " Сөздік бағалау " Мұғалім оқушыны жаттығуларды жақсы орындағаны үшін мақтап, осылайша ауызша кері байланыс орнатылады.. Осыған орай оқушылар берілген материалды немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне болады.Топтық жұмыс барасында оқушылар " Бутерброд " тәсілі арқылы өздерін бағалайды.« Сенімді серіктес » әдісімен жұппен болып бірлесіп орындалатын тапсырма беріліп,оқушылар " Қосу, алу,қызықты " тәсілі арқылы көршісін бағалайды.

Қауіпсіздік техникасы ережелері

Интерактивті активті тақтаны уақытылы қосу, электронды бағалау





Дескриптор бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Тақырып

Сандық өрнектер. Әріпті өрнектер

Оқу мақсаты

5.2.1.1 қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру;


Ойлау дағдыларының деңгейлері

білу, қолдану


Бағалау критерийлері

- қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіреді

Тапсырма

1) (59+x)*4



2)(a+74)+(b+26)



Бағалау критерийлері

Дескриптор


қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіреді

Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланады;

Көбейтуді орындап әріпті өрнекті ықшамдайды;

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдаланады;

Қосуды орындап, әріпті өрнекті ықшамдайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет