Сабақ саны: 2 Мұғалімнің аты-жөні: Калиева Куралай Акылбердиновна Чултуков Нартай Советханович



Дата08.02.2020
өлшемі53.71 Kb.
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар






Семей қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Бөлім:

Ондық бөлшектер

Сабақ саны: 2

Мұғалімнің аты-жөні:

Калиева Куралай Акылбердиновна

Чултуков Нартай Советханович


Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.

Ондық бөлшектерді көбейту.



Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.28

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау



Сабақтың мақсаты

Оқушылар ондық сандарды натурал және ондық сандарға көбейтуді үйренеді

Жетістік критерийлері

Оқушылар:

  • ондық санды натурал санға көбейтуді;

  • ондық санды ондық санға көбейтуді;

  • ондық сандары көбейткенде геометриялық интерпретация жасайды;

  • қолданбалы есептер шығарғанда ондық сандарды көбейтуді пайдалана алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар кіші топтық жұмыстарда бір – біріне көмек көрсете алады, көшбасшылық қабілеттерін дамытып, өз жұмыстарын бағалағанда шыншыл бола алады. Берілген тапсырмалардің біреуі спорт жайлы және оның пайдасы жайлы мәліметер беріледі. Қосымша мәліметтер іздестіруді талап ететін тапсырмалар оқушының зерттеушілік қабілетін дамытады.

Басқа пәндермен байланысы

Тарих, География, Информатика, Салауатты өмір салты.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар Интернет желісі көмегімен берілген тапсырманы шешу үшін өздеріне қажетті мәліметтерді іздестіре алады. Және де компьютерлік техниканы ойын сабақ үстінде пайдалана алады.




Бастапқы білім

Ондық сандарды, ондық сандарды қосу және азайту амалдарын, координат жазықтығында ондық сандарды белгілей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

45 минут

(бірінші сабақ)



Сәлемдесу.
4 мин. Мотивациялық сәт.Видео көру.
1 мин. Оқушылармен әңгімелесу. Оқытушының сұрақтары:

  • Ондық сандар жайлы не білдіңіз? Олар қалай пайда болды?  ​

  • Ондық сандарға қандай амалдар орындай аласыз? ​

  • Сіз қалай ойлайсыз, күнделікті өмірде ондық сандарды натурал сандарға және ондық сандарға көбейте білудің  қажеттілігі бар ма?


Сабақтық тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

https://twig-bilim.kz/film/decimals-decimal-day-6817/

Слайд презентация




5 мин.

Мәселе сұрақ қою. Жұптық жұмыс. 5 мин.

Жұптағы оқушылар жұмыстарымен алмасып, оларды талқылайды. Олардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады.


7 мин. Әңгімелесу. Оқытушының сұрақтары:

- Қандай мәлімет сұраққа жауап беру үшін ең қажетті болып саналады?

- Ізделінді арақашықтықты қалай есептедіңіздер?

- 1,5 қандай сан?

- Ал 3 саны ше?

- ондық сандарды натурал сандарға көбейту ережесін құрастырыңыз.



Оқушылар жауабын мұғалім барынша түзетіп отыруға тырысуы қажет, нәтижесінде оқушылар ондық сандарды натурал сандарға көбейту үшін, ондық санды натуарл санға неше рет қосса сонша рет қосу керектігін түснеді..
5 мин. Көбейту ережесін оқушыларға құрастырту. Алдыңғы тапсырманы жауабы қарастырылады.

Оқушылар жеке көбейту ережесін құрайды. Жауаптары айтылады.


10 мин. Есептеу техникасын бекіту. Сараланған үш деңгейлі тапсырмалар пайдаланылады. Оқушылар жеке таңдаулары бойынша тапсырмаларды орындай алады. Жоғарғы дәрежелі тапсырманы орындау үшін желіге қосылған ноутбук беріледі. (зерттеу элементі)

Жауаптар бір деңгейдегі тапсырмаларды орындаған кіші топтарда тексеріледі. Нақты жауапты мұғалім тексереді.


3 мин. Өзін – өзі бағалау.

Оқушыларға бағалау парағы беріледі.



Қосымша-1

Қосымша-2

Қосымша-3

Ноутбук
Қосымша-4



1 мин -физминутка

Бір-аяқтың ұшымен тұру және күлу,

Екі – қолды жоғары көтеру және созылу,

Үш- жиырылу және керіліу,

Төрт-бәрін қайтадан бастаймыз.

Бес- қолды белге қоямыз,

Алты– денемізді бұрамыз,

Жеті -терең дем аламыз.

Сегіз–біз бір рет отырамыз,

Он – сабағымызды жалғастырамыз.





45минут

(Екінші сабақ)



Сәлемдесу.

10 мин. Ондық сандарды геометриялық интерпертациялаумен жұмыс.



Оқушыларға тор көзде жұмыс жасау ұсынылыады, нәтижесінде оқушылар ондық сандарды қалай бейнелеу керектігін түсінеді.
10 мин. Жоғарыдағы тапсырманы түсінгендігін тексеру мақсатында жеке тапсырма беру.
10 мин. Көбейту ережесін оқушыларға құрастырту.

Оқушыларға калькулятор көмегімен көбейтуге бірнеше тапсырмалар беріледі. Нәтижесінде, оқушылар ондық санды натурал санға көбейту ережесі ондық сандарды да көбейту ережесімен сәйкес келетіндігін түсінеді. «Карусель» техникасының көмегімен ереже айтылады.
10 мин. «Kahoot» ойыны.

Нәтиже бойынша оқытушы ауызша жауап арқылы кері байланыс жасау.


5 мин. Рефлексия.Оқушылар бағалау парағындағы сөйлемдерді толықтырады.
Үйге тапсырма. Ондық сандарды ондық санға немесе натурал санға көбейтуге мәтіндік есеп құрастыру.

Қосымша-5


Қосымша-6, түрлі – түсті қарындаштар
Қосымша-7,

Калькулятор

https://play.kahoot.it/#/lobby?quizId=570df289-cdcb-4e41-9a7a-a19058b96d5d
Интернет желісіне қосылған ноутбуки немесе ұялы телефоны
Қосымша-8


Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Таңдалған сабақ беру әдістері мен таңдау бойынша сараланған деңгейлі тапсырмалар. Жеке тапсырмалар орындау барысында әлсіз оқушыға түсіну үшін көмек көрсету , мықты оқушыға – бағыттаушы сұрақтар қою. Қабілетті оқушылардан тапсырмалардың барлығы орындалуы немесе аздаған қате жіберіп орындалуы күтіледі.

Бақылау

Әңгімелесу

Түсінуге сұрақтар

Өзін – өзі бағалау



Рефлексия

Сыныпты желдету, ноутбук пен ұялы телефон пайдалану ережесін қайталау, Физминутка мен оқушылар назарын аудару тәсілдерін пайдалану.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жа бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет