Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Сопылықтың пайда болуын сипаттаңыз, көрсетіңіз



бет48/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Сопылықтың пайда болуын сипаттаңыз, көрсетіңіз

Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Яссауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты.


ХІ-ХІІ ғасырлардағы Исфиджаб қаласында сопылық тариқаттар мен теккелер де пайда бола бастаған көрінеді. Себебi, Ахметтiң әкесi - Ибраћим Исфиджабтың ең атақты шейхтарының бірі болған. Шейх Ибраћим орынбасарларының бірі - Мұса Шейхтың қызы Айша Хатунға (Қарашаш ана) үйленген, одан Гауһар Шахназ деген бір қызы және Ахмет деген бір ұлы туылған (Насабнамада келтірілгендей Ибраһимнің Ахметтен басқа Исмаил ата деген тағы бір ұлы болған екен.) Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.

  1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның қойылуын, құйылуын түсіндіріп көрсетіңіз

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің орталық бөлмесінде үлкен көлемді қола қазанды ел «Тайқазан» деп атайды. Тайқазанды 14 ғ. екінші жартысында Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнап, Қарнақ мекенінде құйдырған. Қазанның жасалу уақыты 1393-1399 жылдарды қамтиды, құйылып аяқталған мерзімі сыртында кзрсетілгендей 1399 жылмен мерзімделген. XІV ғасырда Қарнақ мекенінде құйылған қазанның даму тарихы бастауын көнеден алып, ғасырлар өте толысып, көркею сатысынан өткен. Қазан қою, қазанды қастерлеу дәстүрінің ежелден қанат жайғанын, тамырының тереңде екенін байқауға болады. Кең даланы мекендеген елдердің әдет-ғұрпында, салт-дәстүрінде мыңдаған жылдар көлемінде көркейе дамып, толысқан. Қазан қою дәстүрінің сақ, үйсін, ғұндарда зркендеп, орта ғасырлық көшпенділерге дейін ұласуы әрбір кезеңнің өзгерістерін бойына жинақтай жүрді. Қазанның сыртын әшекейлеуде қолданылған жазу түріндегі “арабески”, “ислими”, “модехил” үлгісіндегі көркем әшекейлеу үлгілерін ислам знерінің дамуындағы белгілер. Ислам сәулет өнерінің бір бөлшегі есіктерді өрнектеу белгілі бір ережелерге сай дамығаны белгілі. Осыған орай өрнектік сарынды геометрияланған,эпиграфикалық, өсімдік тектес өрнектердің үйлесуінің керемет үлгілерін шеберлер дамыта білген. Оның бір үлгісі ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық және көрхана бөлмелерінің ағаш есіктерін айтуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары халық өнерінің інжу-маржандарына жатады. Ағашқа ою-өрнек салу өнерінің Қазақстан мен Орта Азияда өте ерте заманнан дамып келе жатқаны белгілі.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет