Ислам сенім негіздерін талдап көрсетіңіз
Иман сөздікте «бір нәрсеге сену», «мақұлдау», «қабылдау», «бағыну» деген мағыналарды береді. Ал дініміз бойынша ұлы Аллаћтың дінін, Хазіреті Пайғамбардың баяндағандарын кесінді түрде көңiлмен мақұлдауды және тiлмен айтуды «иман» деп атайды.
Иман «жалпы (ижмали) иман» және «дара (тафсили) иман» болып екі түрге бөлінеді. Дініміздің негізі Аллаћтың барлығы мен бірлігін мойындау болғандықтан, мұсылмандар бір дәстүр ретінде өзінің мұсылман екенін білдіретін жалпы (ижмали) иманды былай айтады:
«Лә илаћә илла-л-лаћ, Мұхаммадун расулу-л-лаћи».
Мағынасы: «Аллаћтан басқа тәңірі жоқ, Мұхаммед оның елшісі».
Міне, жоғарыдағы мүбәрәк сөзді айтқан адам ислам дініне кірген және мұсылмандықтың алғашқы табалдырығын аттаған болып есептелiнедi. Яғни, біздің дініміздің негізі Аллаћты бірлеуден (тәухид) тұратындықтан, Аллаћтың бірлігін білдіретін қасиетті осы сөзді айту «жалпы (ижмали) иманға» жатады.
Сонымен қатар келесі иманның түрі - дара (тафлиси) иман, Аллаћтың сөзі - Құран Кәрім мен ардақты Хазіреті Мұхаммедтiң (ғ.с.) хадистерінде баяндалған мұсылман адамның мойындауы керек нәрселерді егжей-тегжейлеп, атап айтатын иманды айтады. Олар: ¦лы Аллаћқа, періштелеріне, Аллаћтың кітаптарына, пайғамбарларға, ахирет күніне, тағдыр мен қазаға сену.
Жоғарыда баяндалғаны сияқты имандағы алты шарттың біріншісі –Аллаћ Тағалаға иман.Ислам сенімі бойынша Аллаћтың теңі, ұқсасы жоқ. Ол барлық нәрсенің жаратушысы және екі дүниенің иесі. Оның сипаттары мен қажетіне ешнәрсе жете алмайды. Оны Ықылас сүресінде былай түсіндіреді : «Ол Аллаћ бір. Аллаћ мұңсыз. Ол тумады да туылмады. Әрі оған ешнәрсе тең емес де” .
Аллаћтың әр түрлі жаратқандары бар. Сол жаратқандарының бірі – періштелер. Періштелер адамның көзіне көрінбейтін жаратылыстар. Олардың жаратылыстары біздің жаратылысымызға сәйкес келмейді және біздің көзімізге көрінбейді. Бiрақ біз оларды көре алмадық деп жоққа шығара алмаймыз. ¤йткені Аллаћ Тағала мен оның пайғамбарлары періштелердің бар екенін бізге білдірген. Періштелер Аллаћқа қарсы келмейді және оның әмірлерінен шықпайды. ¤здеріне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындайды. Олар жемейді, ішпейді, шаршамайды және жалықпайды. Періштелер нұрдан жаратылған. Оларда жыныстық қасиеттер жоқ. Аллаћ періштелерден кейбіреулерінің ажалы келгенде жанын алады. Періштелерді жаратқан Аллаћ оларға түрлі жұмыстар міндеттеген.
Достарыңызбен бөлісу: |