Ятрогендік аурулар дегеніміз не?


Клиникалық қате дегеніміз не?



бет2/5
Дата20.10.2023
өлшемі87,01 Kb.
#187223
1   2   3   4   5

Клиникалық қате дегеніміз не?

  • Клиникалық қате «жоспарланған әрекетті орындамау немесе нәтижеге жетудің қате жоспарын қолдану» деп анықталады (Kohn et al, 1999). Басқа сөзбен айтқанда, кателер әрекетті жоспарлағанда немесе оны іске асырғанда жіберіледі. Мысал ретінде Kohn және оның әріптестері дәрілермен емдеудің жағымсыз нәтижелерін, қанды дұрыс құймау, қанға салатын инъекцияларды дұрыс жасамау, хирургиялық жарақаттар немесе операцияны керек жеріне емес, басқа жерге жасау, құлау, күю, пациенттерді шатастырып алу сияқты жағдайларды келтіреді. Авторлардың пікірінше, зардабы ауыр қателердің көбісі, караганды тера- пия мен операция жасайтын және жедел көмек көрсету бөлімшелерінде жиі кездеседі.

Клиникалық қателердің қандай типтері бар?

  • Медициналық тәжірибеде клиникалық қателердің келесі түрлерін жіктейді: Диагностикалық:қате немесе кеш қойылған диагноз; лабораториялық зерттеулердің нұсқауларын орындарау; керек емес лабораториялық зерттеулер жасау; лабораториялық зерттеулердің нәтижесіне сай іс - шаралар қолданбау; Емдік:процедураны орындау барысында жіберілген қателер; емдеу барысындағы қателер; дәрінің дозасын анықтаудағы қателер; емдеуді бастауды соза беру; Превентивтік: Басқа:профилактикалық емдеудің болмауы; немқұрайлы бақылау; коммуникацияның болмауы; құрал - жабдықтардың сынып қалуы; жүйенің бұзылуы.

Клиникалық қателер қаншалықты жиі жасалады?

  • Дәрілік терапияға байланысты жіберілетін қателердің жиі кездесетіні және бұл дәрі-дәрмектерді қате ұсыну болып табылады. Бұған басқа дәрілік препаратты беріп қою, дозасының сәйкес келмеуі,дәрілік затты дұрыс енгізбеу, басқа пациентке беру және уақытын шатыстырып алу сияқты қателер жатады. Шетелдік авторлардың алған мәліметтері бойынша,ауруханаларға шұғыл түрде түскен пациенттерді дәрілік препараттармен емдегеннің жағымсыз нәтижесі 6,5/ 100 қабылданған науқастар, соның ішінде 1% - өлім мен аяқталуы, 12% - өмірге қауіпті, 28% - болдырмауға болатын (Bates et al, 1995). Дәл осындай көрсеткіштер педиатриялық стационарлы бөлімшелерден (Kaushal et al, 2001), медициналық кызметкерлері бар қариялар үйлерінен (Gurwitz et al, 2000) және жасы ұлғайған амбулаториялық пациенттерді емдейтін клиникалардан да (Gurwitz et al, 2003) алынып отыр.
  • Сонымен қатар, дәрілік препараттарға жазылған 100 рецептің 5,3 қате беріледі. Олардың ішінде дәрінің дозасын ұлғайтып жіберу (53%), дозасын дұрыс белгілемеу (15%), қабылдау жиілігі (8%) және ағзаға енгізу тәсілі (5 %), бірақ барлық қателердің 1% - ғана дәрілік препараттармен емдеудің жағымсыз салдары деп карастырылады (Bates et al, 1995) одан басқа дәрілік препараттармен емдеудің жағымсыз салдарына байланысты жұмсалатын жылдық шығындар, 700 төсектік клиникалық ауруханадағы пациенттер үшін 5,6 млн. АҚШ долларымен есептеледі. Ауруханалардағы жағымсыз көрсеткіштердің, шамамен алғанда, жартысы хирургиялық операциялар мен байланыстырылады. Хирургиялық операцияларға байланысты емес, жағымсыз нәтижелер диагностикалық және емдік қателерден (қателесу және шалағайлақ) және жедел жәрдем белімдеріндегі жағымсыз салдарлардан тұрады (Zeape et al, 1995).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет