Юриспруденция кафедрасы


Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері



бет27/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

2.Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері. Мемлекеттік типологияның хронологиялық түрі. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Малгерет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезеңдері, өзгеріс және дағдарыс кезеңдері, одан кейін XIX ғасыр және қазіргі дәуір. Сонымен, мемлекеттің дамуын бұл тарихшы сегіз кезеңге бөледі. Ал, кейбір шет елдердің ғалымдары мемлекеттің дамуын келесі кезеңдерге бөлетіні жақсы мәлім: 1) Ежелгі мемлекеттердің тарихы, бұл кезең екіге бөлінеді: Шығыс мемлекеттердің тарихы оған – біздің дәуірге дейін төртінші мың жылдығына пайда болған мемлекеттер жатады. Бұл кезеңнің мемлекеттері шығыс деспотияға жатады. Бұдан кейін көне дәуірге антикалық мемлекеттер кезеңі басталды, бұл кезең т.ә. 476 жылына дейін созылды. 2) 476 жылдан боасталған кезең орта ғасырларға жатады, араб халифатының көлеңкесінде пайда болған ислам мемлекетерінің тарихы. Европа мемлекеттерінің бұл кезең феодалдық мемлекеттердің тарихы, ол ағылшын буржуазиялық революциясына дейін жалғасады. 3) Келесі кезең XX ғасырдың басына дейін жаңа ғасырларға жатады. 4) Ал қазіргі XX ғасыр қазіргі дәуір деп аталады.
Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл хронологиялық бөлудің көп пргрессивті жақтары бар. Мемлекет қай таптың мүддесін қорғайды немесе оның экономикалық жағдайының ерекешеліктері барма деген сұрақтарға жауап бергеннен басқа, осы дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар екенін анықтайды.
Шығыс мемлекеттері. Оған біздің дәіурге дейінгі 4 мыңжылдықтың соңында Египет мемлекеті, одан кейін 3 мыңжылдықта – Шумер, Ассирия мемлекеттері, 2 мыңжылдықта үндістан, Қытай, Хеттердің патшалығы пайда болғаны белгілі. Бұл мелекеттерді құл иеленушілік мемлекеттерге жатқызады, бірақ бұлардың құлиеленуші мемлекеттерден айырмашылығы өте көп. Олар шығыс деспотия деген ерекше мемлекеттік типті құрады. Бұл мемлекеттерді біріктіретін жалпы негізгі нышандары бар: экономикасында рулық қоғамның қалдықтары өте көпке дейін сақталғаны белгілі. Сондықтан, жеке меншікпен қоғамдық және мемлекеттік меншігі қалыптасты. Экономикалық жағдайға климаттың ерекшеліктері өзінің әсерін тигізді. Қоғамның мүддесін қорғау үшін жер суару және басқа да қоғамдық жұмыстар жүргізілді. Осы мемлекеттер ұлы өзендердің Хуанхе, Тигр, Ефрат, Ніл жағасында орналасты. Бұл елдердің саяси жағдайларын дұрыс түсіну үшін осы ерекешеліктерді ескеру қажет. Құлдық институтының ерекшеліктері болатын. Құлдар көбіне мемлекеттің, қауымның және аздап әрбір жанұяның жеке меншігінде болған. Жердің жеке меншігі күшті дамыған жоқ. Шығыс мемлекеттерде көбіне монархия түрінде дамыды. Құқықтың жазулы түрлері пайда бола бастады,мысалы Ману, Хаммұрапи заңдары. Шығыс мемлекеттері тарихтағы бірінші мемлекеттердің типін құрады. Келесі тарихи типтерге Греция және Рим, солармен қатар дамыған антикалық мемлекеттер жатады. Бұл мемлекеттер ерекшеліктері: құлиеленуші өндірісі шығыс мемлекеттерден көп жоғары, рулық қоғамның қалдықтары сирек кездеседі, құлдардың еңбегін қанап пайдалану экономиканың негізін құрады. Қоғам негізінде құлиеленушілерге және құлдарға бөлінеді. Байлардың жеке меншігінде құлдар, жер және басқа өндіріс құралдары болатын. Құлдардық құқықтық жағдайлары ашық айтылатын, олар сөйлей алатын құралдарға жататын. Құлдардың ешқандай құқықтары жоқ , ол өзінің мырзасының жылжымалы заты. Қоғамның негізгі байлықтарын осы топ жарыққа шығаратын, олардың еңбегін өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрлыста, жалпы жұмыстарда,спортта, басқа да жерлерде пайдаланатын. Сонымен, антикалық мемлекеттерде құлиеленушілер мен құлдар екі негізгі таптарды құрды. Ал олардан басқа топтарға саудагерлер, қолөнершілер, шаруалар жатты. Құлиеленуші мемлекеттердің негізгі мақсаттары – құлдарды, басқа топтарды езгіге салып, олардың еңбектерін пайдалану. Оның осындай негізін мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары дәлелдейді: мемлекеттің ішкі функциясына құлдарды және басқа кедей топтарды қанау және сол үшін тиісті жағдай туғызу. Мемлекеттің өзі жерлердің, құлдардың, кен шығаратын жерлердің, басқа байлықтардың иесі болатын. Сондықтан, ол жеке меншікті қорғау қызметіне қатты көңіл бөлетін. Құлдардың көтерілісі қатаң соққымен басылатын, тарихта бұндай жағдайлар өте жиі болады. Антикалық мемлекттердің сыртқы функциялары да соғыс – күреспен байланысты. Осы сыртқы және ішкі функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттің аппараты ыңғайлы еді, оның демократиялық формалары да кездесетін. Көне дәуірдегі антикалық мемлекетер республика және монархияға бөлінеді. Греция, Рим, Спарта республика және монархия болған. Республика аристократиялық және демократиялық түрінде болатын, ал монархияның тек шексіз монархия болғаны анық белгілі.
Құлиеленушілік антикалық мемлекеттердің арасындағы ең ірі және сонғы мемлекет – Рим мемлекеті. Оның патшалық, республика және империя кезеңдері болды. Рим мемлекетінде жақсы белгілі құқық жүйесі құрылды. Рим құқығы бүкіл дүние жүзіне әсер етті.
Орта ғасырлардың мемлекеттері. Феодалдық мемлекеттердің құрылуының екі жолы бар: біреулері құлиеленушілік мемлекеттердің дамуынан пайда болды, екіншілері рулық қоғамнан пайда болды. Оларды да екіге бөлуге болады – Азия, Африканың және Европаның мемлекеттері. Орта ғасырлардың дамуы 476 жылдан басталды, бұл Рим империясының құлаған жылы. Рим империясының орнына Франк мемлекеті пайда болды. 628 жылы мұсылмандар мемлекетінің пайда болған дәуірі. Европадағы феодалдық мемлекеттерінің дамуының үш кезеңдері белгілі: ерте – феодалдық монархия, сословиелік – монархия және шексіз монархия. Феодалдық мемлекеттердің негізгі нышаны – жерге жеке меншіктің қалыптасуы. Феод – деген сөз – толық жеке меншіктегі жер. Феодалдық жеке меншіктің тағы екі түрі бар: аллод және бенефиций (аллоди – жерге жеке меншіктің мұрагерлік жолмен көшуі; бенефициде – мұрагерлік жерге құқық жоқ). Бұл иерархиалық әрбір топ өзінің жеке орнын алады, сол орны құқықтық жағдайды белгілейді және жер иеленушілігімен байланысты.
Феодалдық иерархиялық құқық. Феодалдар біренше топтарға бөлінеді: мысалы, Франция граф, герцог, рыцарь, шіркеу қызметкерлері, шаруалар, құлдар. Феодлдың рентаның үш түрі болды: ақшалай, барщина және натуралық рента. Феодалдық мемлекеттің ішкі функциялары: жеке меншікті қорғау, салық жинау, шаруалардың көтерілістерін басу. Сыртқы функциалары – басқа халықтарды тонау, өз мемлекетін қорғау және көрші мемлекеттермен қарым-қатынастарды құру. Феодалдық мемлекет өзінің билігін шіркеудің әскерімен күшейтті. Феодалдық қоғам шіркеудің күшіне, баюына жағдай туғызды. Шіркеудің көп жерлері,шаруалары және басқа да байлықтары болды. Шіркеудің билігін дәлелдеу үшін әр түрлі теорияларды шығарды. Мұсылман, Христиан, Католик, Буддистік мешіт-шіркеулердің арасында бірталай айырмашылық болғанымен, қоғадағы құқықтық жағдайлары бір-біріне ұқсас. Шіркеудің күшейген де әлсірегенде кездері болды. Феодалдық мемлекеттер көбіне ыдыраған, ұқсас мемлекеттер болатын. Бірақ кейбір кезде олардың күшейіп, ірі, мықты мемлекет құрған кездері де болды. Мысалы, Омейядтардың араб халифаты, Францияның шексіз монархиясы. Бұл кезеңде Құран, ұлы Еркін Хартия, Каролина, Алтын Булла деген белгілі феодалдық актілер қабылданды.
Феодалдық мемлекеттердің дамуы буржуазиялық революцияға дейін созылды. 1640 жылдан бастап келесі кезең жаңа дәуір басталды. Капитализм өзінің 300 жыл тарихында үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең – либералдық капитализм XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың аяғына дейін. Екінші кезең – империализм дәуірі XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін. Үшінші кезең – әлеуметтік капитализм XX ғасырдың ортасынан 2004 жылға дейін. Бұл кезеңде ғылыми-техникалық пргрестің, демократияның жақсы дамуы. Экономикада мемлекеттің макробақылаудың орнауы. Қазіргі заман бейбітшілікті, халықтар достығын, демократияны дамыту. Капиталистік мемлекеттің негізін жеке меншіктің көп түрлері құрайды, жеке меншік құқығы ең қасиетті және жоғарғы құқық болып жарияланды. Заңның алдында бәрі тең. Бұл кезде мемлекеттің маңызды прогрессивтік принциптері нығайтылды: биліктің бөлінуі, заңның жоғарлығы, құқықтың алдында бәрі тең, азаматтардың саяси, әлеуметтік және жеке құқықтары мен бостандығы, заңдылық, соттың тәуелсіздігі және т.б. Құқықтық мемлекеттің түсінігі анықталып, көп конституциялар осы терминді қолданатын болды.
Әрбір құқықтық саланың өзінің прогресивті жерлері бар. Мысалы, қылмыстық сала мынандай негізгі принциптерге кепілдік береді: заңда жазылмаған іс қылмыс емес, бір қылмысқа бір жаза, жазаның ауырлығы қылмысқа сәйкес болуға тиіс, адамды қинайтын жазалар қолданбауы тиіс. Азаматтық құқықтық салада шарттардың және өнер кәсіптік бостандықтары, некені мемлекеттің тіркеуі, некеде екі жақтың теңдігі.
Мелекеттердің көпшілігінде конституция қабылданып – қоғамның негізгі қарым-қатынастарын реттеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Заңдар жазбаша түрде қабылданатын болды. Буржуазиялық құқықтық актілердің арасында ерекеше орын алатын Францияның 1789 жылғы Азаматтық және адамның құқығы туралы деклорациясы, АҚШ-тың 1776 жылғы Тәуелсіз деклорациясы, Ангияның Хабеас корпус актісі, Наполионның басқаруымен алынған кодекстер және басқа құжаттар прогресивтік дамуға ықпалын тигізді.
1917 жылдан бастап Кеңестер Одағы Европаның және Азияның бір елінде социолистік мемлекеттер өмірге келді. Солтүстік Корея, Вьетнам, Куба мемлекеттері қазір де өздерінің социолистік бағытынөзгерткен жоқ. Қытай мемлекеті ерекеше Қытайлық социолизм қоғамын құрды деп жариялағаны мәлім. Бірақ социолистік мемлекеттердің қайшылығының саяси жүйесі, құрған режимі, қолданған әдісі, халыққа қарсы жүргізген саясаты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелуі, елде әкімшілік-әміршілік басқару жүйесі қалыптасып, партияның диктатурасы орнады. Сөйтіп, социолизмнің ізгі мақсаттары қанға боялды. Казармалық социолизмнің елге, халыққа жасалған озбырлығы бұл күні баршаға мәлім.
Партия билігіне технократтар келді. Билік жүйесі олигархияға ұласты, талантты, ойшыл зиялылар қуғынға ұшырады. Қолында билігі бар үстем таптың қалыптасуы сияқты құбылыстар халықпен байланысын әлсіретті. Экономикадағы қолдан жасалған шарықтау мен саяси-рухани өмірдегі тоқырау қайшылықтары, Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Кеңес Одағының құлауына негізгі себеп болды.
Тарихи шындыққа жүгінейік. Марксизмнің социалистік қоғам туралы ілімі – XIX ғасырдың ұлы жетістігі. Марксизмнің экономикалық ілімін бүкіл өркениетті халықтар мойындады. Социолизмнің Ресейдегі сәтсіздігі Сталинның марксизм ілімін тұтасымен жоққа шығарып елімізде «Сталинизм» саясатын орнату еді. Әлемдік капитализм социолизм ісінен көп нәрсені үйренді: жұмысшы тобының революциялық жігерін эволюциялық даму арнасына түсіру үшін әлеуметтік проблемаларды шешудің социолистік әдістерін қолдады.
Ендеше, XX ғасыр тарихын жазу барысында объективті түрде көрсету керек. Коммунистік идеал – құбыжық емес, ол кеше ғана миллиондаған адамдардың арманы ғана емес, өмірі болған тарихи құбылыс. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз сол социолизмнің ішінен шыққанын ұмытуға болмайды. Тек әділдікке жүгініп, отан тарихын жайлаған аңыз-мифтерден ақиқатты айту, шындыққа жету интелектуалды азаматтардың қарызымен парызы болса керек. Сонда ғана болашақ ұрпақтың тарихи санасына көлеңке түспейді, ана сүтін емген, ата тарихынан сусындаған ұрпақ қанаттанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет