Талқылау сұрақтары:
Мемлекеттің типологиясы деген ұғымды түсіндіріп беріңіз.
Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі қандай?
Мемлекеттерді цивилизациялық және өркениеттік деп бөлудің мағынасы неде?
Мемдлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлеріне тоқталыңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
Парламент и законодательная власть Казахстана: Монография. /Отв.редактор А.А.Таранов/.- Алматы, Жеті Жарғы, 1996.
Проблема человека и политическое реформирование (юридические, этические, социально – психологические аспекты).- М.: Интитут государства и права Российской Академии наук, 1997.
Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
11\-",';''
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
7-ДӘРІС
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
Мақсаты: Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің анықтамасы, ерекшеліктері және негізгі белгілері туралы мағлұмат беру.
Жоспар:
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар.
Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны.
1.Азаматтық қоғам және құқық пен мемлекет туралы теориялар. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себебтері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағыда бұл мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе, Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекеттік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарихи теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және нақты тарихи дәләлдер болады. Сондықтан, ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Тағы бір ескеретін мәселе «азаматтық қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамда да «азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді.сондықтан, біз теорияны тек құқықтық мемлекет туралы қарастырамыз.
Құқықтық мемлекеттік парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқытық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқытық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқытық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан бергі негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ», - деді. Феодалдық дәіурде Н: Макиавелли, Ж: Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекеттік орнату төңірігінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтқан.
Құқытық мемлекет орнату көнцепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтекье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кан, т.б. Гроцкий – қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық – адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі – мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет – қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.Монтескье – мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады. Локк – маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқытық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау. Кант – құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттің жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін қалыпьастыру деп түсіндірді. Гегель – қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі – құқытық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқық пен моралдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсарту. Маркс – құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрлысына сәйкес қараған. Таптар жойылса құқық пен мелекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық – Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде-мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқытық мемлекет қалыптасады. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады. Сонымен, құықтық мемлекет туралы теорияны қорта келіп, оның негізгі мазмұны – халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші – адам, қалың бұқара. Сондықтан, мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет.
Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлек қоғамның санқырлы көрнісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлері көне дәуірде де болды, ал «азаматтық қоғам» толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша азаматтық қоғам жеке меншіктің, діннің, отбасының, моралдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әа адам өз мүддесін көздейді, басқарады, көздейді. Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды, - деген Гегель. К. Маркстің пікірі – бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң, ол азаматтық қоғамның санқырлы көршісінің бір нысаны болып шығады. Біз өткен ғасырдағыірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азамттық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып, қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді жалғастыру керек. Біздің пікіріміз – азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы көрнісі төмендегідей болуға тиіс:
Экономикалық бостандық, әр түрлік меншік, нарықты қатынас;
Адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау;
Заңды, демократиялық билік; ақпаратқа бостандық беру;
Заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болуы;
Таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу;
Адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту.
Азаматтық қоғамның құрлымы – қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы – адам. Адам қоғам құрлымының негізгі элементі – діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси паптиялар, мемлекет, олардың ара қатынастары – азаматтық қоғамының элементтері. Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге бөлады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани мәдени және ақпараттық жүйелер: Әлеуметтік жүйе – объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы бұл жүйеге азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйесі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы – қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы – адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы – қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары. Экономикалық жүйе – қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрлым элементтері: жеке, муниципалды, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу. Саяси жүйе – мемлекет, саяси партиялар,қоғамдың ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъекетілеге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдану қажет. Рухани-мәдени жүйесі – осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдар, олардың ара қатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдинет, рухану сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы. Ақпараттық жүйе – осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен ара қатынастары. Бұл бағытта іс-әрекеттерге толық бостандық берілу қажет. Осы көтерілген азаматтық қоғамның жүйелерінің жақсы, саналы дамуына зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құқық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғамдағы демократияның жоғары дәрежеде болуы. Азаматтық қоғамның белгі-нысандары:
Адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостаннндығғғы меннн құқықтарының қамтамасыз етілуі;
Қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық құқықтарының болуы;
Азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға құқықтарының болуы;
Жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсету; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;
Азаматтық қоғам – толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқытық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтітұрғыдан негізі болуға тиіс.
Сонымен, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншіліктер жасаулары қажет. Қазақстан Республикасының Конституцисында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтың, мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жариялаған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Достарыңызбен бөлісу: |