Юриспруденция кафедрасы



бет52/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік билік жүйесіне талдау жасай отырып, студенттердің мемлекеттік билік ұғымын, түрлерін жете меңгеруіне жағдай жасау.
Жоспар:

  1. Мемлекеттік билік анықтамасы.

  2. Мемлекеттік биліктің түрлері.

  3. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері.

Әдістемелік нұсқау: Мемлекеттік билік - әлеуметтік биліктің ерекше түрі, оның егемендік сипаттары. Мемлекеттік билік және саяси билік. Биліктік қатынастар – қоғамдық қатынастардың айрықша түрі. Биліктік қатынастардың мазмұны, объектілері мен субъектілері. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері. «Зорлық», «күштеу», «басып - жаншу», «мәжбүрлеу», «көндіру», «сендіру», «басшылық ету», «басқару», «үстемдік ету», «бағындыру» санаттарының арақатынастары.


Мемлекеттің қызметтері: ұғымы. Мемлекеттің қызметтерін саралау, оның негіздері. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері. Қоғам өмірінің экономикалық саяси, әлеуметтік, рухани салаларында мемлекеттің атқаратын қызметтері. Мемлекет қызметтерінің байланыстылықтары мен өзара ықпалдасулары.
Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттің мәні. Мемлдекеттің қызметтері және олардың салыстырмалы дербестігі. Мемлекеттің қызметтері және мемлекет пен қоғам дамуының тарихи өзіне ғана тән өзгешеліктері. Мемлекеттің іс - әрекеттерінің шегі. Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және оның құрылымы. Саяси жүйедігі мемлекеттің алатын орны. Мемлекеттің саяси және қоғамдық қозғалыстардың, партиялардың, діни ұйымдар басқа да саяси құрылымдардың өзара әректтесуі мен ықпалдасулары.
Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

4 СЕМИНАР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет