6.Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:
мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;
құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтік және басқа да мүдделерге сәйкес реттейді.
құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше әлеуметтік реттеуші, заңды және заңсыз ірекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді;
басқа әлеметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік – міндеттеуші мазмұнымен байланысты.
Талқылау сұрақтары:
1.Құқықтың кең және тар мағынасы қандай?
2.Қоғамдық қатынастарды реттеуде құқықтың алатын рөлі қандай?
3.Заңды немесе заңсыз деген ұғымдарды қалай түсінесіз?
4.Объективті және субъективті құқықтардың арақатынасы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
11\-",';''
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
9-ДӘРІС
ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫ
Мақсаты: Құқық нормасының әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орнын ашып түсіндіру.
Жоспар:
1.Құқық нормаларының түсінігі және белгілері.
2.Құқық нормаларының түрлері.
3.Құқық нормаларының құрылымы.
4.Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы.
1. Құқық нормаларының түсінігі және белгілері. Құқық нормасы – бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нормасынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқытары мен міндеттері туындайды және осы ереже аталған субьектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталған.
Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайда, бұл «құқық» және «құқық нормасы» түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.
Құқық нормасының белгілері:
1)жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;
2)формальды анықталғандығы – ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады;
3)мемлекетпен байланысы – оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлкеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;
4)ұсынушылық-міндеттемелік сипат – ол бір субьектілерге құқықтар берсе, келесі субьектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыруы мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |