Контрактура дегеніміз – физикалық агенттермен, кейбір хи- миялық заттармен, жылумен (тепловое окоченение) әсер еткен кезде немесе тканьдер өлген кезде (трупное окоченение) еттер- дің ұзақ уақыт жиырылуы. Контрактураның пайда болу меха- низмі тетанустан өзгеше болып келеді. Тетанустар ритмдік жүй- ке импульстердің нәтижесінде жекеленген жиырылулардың су- мациялануы арқылы алынады. Контрактура ет талшықтарының мембранасында және белоктар мен миофибрильдерде ұзаққа со- зылатын өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Контрактура үшін жайлап қысқару мен босаңсу үдерістері тән, ал ішкі мүше- лерді құрайтын тегіс еттердің автоматты жиырыла алатын қа- сиеттері бар. Тегіс еттердің қозғыштығы көлденең салалы еттер- ге қарағанда төмен, сондықтан оларды тітіркендіру үшін ток кү- ші жоғарырақ болуы керек. Ішкі мүшелердің тегіс еттері шарша- май жиырыла береді және олар химиялық заттарға сезімтал.
Жұмыстың мақсаты: тегіс еттердің жиырылуын жазу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: кимограф, миограф, хирургиялық құрал-жабдықтар жиынтығы, электр тітіркендір- гіш, рингер ерітіндісі, пипетка, лигатуралар, спирт шамы, шыр- пы, салфеткалар, пробиркалар. Жұмыс бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: бақаны жансыздандырғаннан кейін тақтайшаға шалқасынан жатқызып, төрт аяғынан тақтайша тесі- гіне байлайды да қарын терісін аршып, оның астында жатқан қа- рынның тегіс еттерін табады. Еттің екі ұшына қойылған жіптен жасалған ілмек арқылы оның бір ұшын миограф ілмегіне, екін-
шісін жазу аппаратына (жазғыш) бекітеді де препаратты тітір- кендірмей-ақ барабанға түзу сызық жазады.
Индукциялық ток арқылы контрактураның пайда болуы. Те- гіс еттердің қозғыштық қасиеті төмен болғандықтан, оларды күшті индукциялық токпен тітіркендіреді де барабанға жазуды жалғастыра береді (препаратты бір-ақ рет тітіркендіру керек, екіншісі эффект бермейді). Нәтижесінде тегіс еттің ұзаққа созылған жиырылу үдерісі пайда болады. Тітіркендіруді тоқтатып, біраз уақыт өткен соң жиырылу биіктігі бастапқы қалпына қайтып оралады.
Ацетилхолиннің әсерінен контрактураның пайда болуы. Алдымен, қалыпты жағдайдағы тегіс ет қызметін кимографқа жа- зып, содан кейін бірнеше тамшы ацетилхолин ерітіндісін тамыза- ды. Еттің жиырылуы жоғары деңгейге жеткен кезде ацетихолинді бірнеше қайтара рингер ерітіндісімен жуады. Біраз уақыт өткеннен кейін еттің жиырылуы бастапқы қалпына оралады.
Жылудың әсерінен контрактураның пайда болуы. Рингер ерітіндісін 40°-50°-қа дейін қыздырады. Түзу сызық сызып тұрған препаратқа бірнеше тамшы ыстық ерітінді тамызса, контрактуралы жиырылу басталады. Ыстық ерітіндіні салқын ерітіндімен алмас- тырып, ет жиырылуын қайта жазып, нәтижесін бақылау.
Изотоникалық хлорлы калий ерітіндісінің әсерінен пайда болатын контрактура:
a) Бірнеше тамшы изотоникалық хлорлы калий ерітінді- сін препаратқа тамызса, ет жиырыла бастайды. Бұл үдерісті бірнеше минут бойы кимографқа жазады. Бұдан соң препарат- ты рингер ерітіндісімен бірнеше қайтара жуып, жиырылу жағ- дайында тұрған ет қызметінің бастапқы қалпына келуін бақы- лау керек.
ә) Препаратқа бір мезгілде тең көлемді изотоникалық хлор- лы калий мен хлорлы кальций ерітінділерін тамызса, контракту- ра пайда болмайды. Себебі калий мен кальций иондарының ан- тогонизміне байланысты.
Сүт қышқылы әсерінен пайда болатын контрактура. Пре- паратқа сүт қышқылы ерітіндісінің әсерін бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |