ЖҮЙКЕ ЖҮЙEСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы. Орталық жүйке жүйесі. Веге- тативті жүйке жүйесі.
Жүйке орталығы дегеніміз не?
Жүйке орталығының қасиеттері.
Жүйке орталығындағы қозудың таралуының ерекшеліктерін атаңыз.
Тежелудің түрлері.
Пресинапстық және постсинапстық тежелуге сипаттама беріңіз.
Рефлекс. Рефлекс түрлері.
Моно- және полисинапстық жұлындық рефлекс доғаларының құрылысы.
Ағзаның қызметтік жүйелері туралы түсінік.
Жүйке жүйесі тірі ағза тіршілігінің негізгі қасиеті – тітір- кенгіштікті қамтамасыз етіп, адам мен жануарларды сыртқы ортамен байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесі орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне бас миы мен жұлын, ал шеткіге шеткі жүйкелердің түйіндері, олардан шыққан талшықтар, талшықтардың терми- нальды ұштары жатады.
Рефлекторлық доға – жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты. Рефлекторлық доғаның құрамында көптеген функ- ционалды маңызды әртүрлі нейрондар тізбегі бар. Бұл нейрон- дардың денесі жүйке жүйесінің шеткі түйіндері мен орталық бө- лігіндегі сұр затында орналасады.
Орталық жүйке жүйесі – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке
жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарлар- да жұлын мен мидан тұрады. Тірі ағзаны құрайтын түрлі мүше- лер жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Әр- түрлі рецепторлардан тітіркену үдерісінде пайда болатын жүйке импульстері орталыққа тепкіш (афференттік) жүйке талшықта- ры арқылы орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, орталық жүйке жүйесінің орындаушы бө- лімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы «бұйрықты» тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде орта- лық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесінде сомалық және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол ағзаның қимыл-қоз- ғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді.
Орталық ми қыртысында орналасқан айқын шектелген ше- карасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми бағанасы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келті- реді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну үдерістерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орталықтары ми көпірін- де, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік аймағын- да; симпатикалық бөлігінің орталықтары жұлынның VІІІ мо- йындық, І – XІІ кеуделік, І – ІІ белдік сегменттерінде орналас- қан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жо- ғарғы вегетативтік орталық мидың сұр затының құрамында бо- лады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы жә- не қыртыс асты (базальді) ядролары орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы бо- лып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл- ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |