З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет22/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

ЖҮЙКЕ ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ


ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК

Жүйке орталығы – ағзаның белгілі бір қызметінің реттелуін қамтамасыз етуге қатысатын нейрондардың жиынтығы. Бұл тү- сінік функционалды, себебі нейрондар ОЖЖ-ның әртүрлі анато- миялық бөліктерінде орналасуы мүмкін.




ЖҮЙКЕ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ




Бір жақты өткізгіштік. Химиялық синапстар бір жақты өт- кізгіштігімен байланыстырылады.
Қозудың өткізуiн тежелту. Синапстық тежелу суммациямен анықталады.
Қажудың жоғарылығы. Тежелу үдерісінің пайда болуымен, сонымен қатар химиялық синапстар қажуының жоғары болуымен және төменгі тұрақсыздығымен байланысты.
Әсерден кейінгі құбылыс. Қысқа және ұзақ мерзімді әсер- ден кейінгі құбылыстар болып бөлінеді. Қысқа мерзімді нейрон- ның ұзақ ізді деполяризациясымен түсіндіріледі. Ал ұзақ мер- зімді болса нейрон тізбектеріндегі қозудың айналымымен байла- нысты болып табылады.
Қозу ырғағының трансформациясы. Жүйке орталығы ар- қылы қозудың өтуі кезіндегі әсер ету потенциалы жиілігінің өз- герісімен жүзеге асады. Бірнеше механизмдері болуы мүмкін. Жүйке орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгер- те алады, трансформациялайды. Сол себептен де жүйке орталы- ғының жұмыс мүшесіне жіберетін эфференттік импульстері бел- гілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Аффе- ренттік жүйкеге түскен бір стимулға жауап ретінде жүйке орта- лығы жұмыс мүшесіне қозу импульстерінің тобын жібереді. Жүйке орталықтарынан шеткі жұмыс мүшелеріне секундына 50- 200 жүйке импульсі түседі.
Жүйке орталықтарының тонусы. Қызмет атқаратын мү- шенің тонусына байланысты болады. Жүйке орталықтарының тонусын сақтап тұратын қызмет атқаратын мүшеден афферента- ция маңызды орын алады. Мүшелердің деафферентациясы қоз-
ғалыс орталықтарына сай тонустар мен қаңқа бұлшық еттерінің тонусының төмендеуіне әкеліп соқтырады (Бронжестің тәжіри- бесі). Орталық жүйке жүйесінде биоэлектрлік құбылыстарды зерттеуден мынадай ерекшHлік анықталды: тыныштық күйде болғанның өзінде жүйке орталықтарынан, ондағы нейрондардан ылғи да белгілі жиіліктегі жүйке импульстері шығып шеткі мү- шелерге қарай бағытталып отырады. Сондықтан да олардың тұ- рақты тонусы (қозу күйі) болады деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет