Жұмыстың мақсаты: өңештің жиырылу қозғалысы ас қо- рыту мүшелерінің қозғалысының бір түрі екенін білу.
Жұмыстыңбарысы: тәжірибе бақаға жүргізіледі. Оңың басын кесіп, жұлынына ине тығып жансыздандырады. Кеудесін қайшымен қиып ашады. Ауыз жағынан бастап өңешін тіледі де Рингер ерітіндісімен шаяды. Таңдайына қоқым тәрізді түйіршік зат салады. Сонда өңеш жиырылып қозғалады. Қоқым қарынға қарай жылжиды. Жылжу уақытын секундомермен өлшейді. Одан кейін, алдымен, ацетилхолин, сонан соң адреналин тамы- зып, өңеш қимылының қалай өзгергенін жазу керек.
Жұмыстықорытындылау: ацетилхолин мен адреналин екі түрлі жүйке дәнекері болғандықтан, олар өңешке әртүрлі әсер етеді. Осыны айырып жазу керек.
Жұмыстыңмақсаты: қарын сөлінің ас қорытудағы маңы- зын түсіну. Оның ферменттері мен тұз қышқылының мәнін білу. Жұмысқақажеттіқұрал-жабдықтар: термостат, штатив, пинцет, қарын сөлі, фибрин, бақаның бұлшық еті, тұз қышқылы- ның ерітіндісі, сода ерітіндісі, стеклограф, лакмус қағазы, про-
биркалар.
Жұмыстың барысы: 4 пробирканы нөмірлейді: 1-ге қарын сөлінің 2 мл; 2-ге қайнатқан қарын сөлінің 2 мл; 3-ке 2 мл сөл және сода қосады (қызыл лакмус қағазының көгергеніне дейін); 4-ке тұз қышқылы 0,5% ерітіндісінің 2 мл-ін құяды. Барлық пробиркаға 0,1- 0,3 г фибрин салады да 30-40 минут уақыт термостатта (38о) ұстай- ды. Осы уақыт өткен соң пробиркаларды шығарып, ондағы фиб- ринді қарайды. Нәтижені мына кестеге жазу керек.