З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет106/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

жұмыс. Көздің өткірлігін анықтау

Көздің өткірлігін анықтауды көз ауруларын емдегенде жиі қолданады. Сыртқы дүниенің заттарын анықтау үшін оларды тек қана түсіне және реңіне қарай бөліп қоймай, олардың жеке бөліктерін де анықтайды. Көздің өткірлігі (visus) неғұрлым ұсақ бөлшектерді қабылдай алса, солғұрлым жоғары болады. Көздің өткірлігі деп бір-біріне өте жақын орналасқан нүктелерді жеке- леп қабылдау қабілетін айтады. Орталық көру аймағы, яғни көру мүшесінің кеңістіктегі заттың пішінін анықтау қабілеті сары дақтың қызметіне байланысты.


Жұмыстың мақсаты: көздің өткірлігін анықтау әдісін үйреніп алу.
Жұмысқа қажетті заттар: сивцевтің кестесі
Жұмыстың барысы: көздің өткірлігін анықтау үшін 12 әр- түрлі мөлшердегі әріп қатарынан тұратын дәрігер Сивцевтің
кестесін пайдаланады (53-сурет). Қалыпты жағдайда 1-інші жо- ғарыда орналасқан қатардағы әріптер 50 м, 10-ыншы қатардағы әріптер 5 м қашықтықтан көрінеді. Көздің өткірлігін жарығы жақсы кестені 5 м қашықтықта қойып тексереді. Көзін тексере- тін адамды 5 м қашықтықта отырғызады. Бір көзін жауып, таяқ- шамен көрсететін әріптерді оқиды. Қай әріп қатарын анық көре- тінін айтады. Содан соң екінші көзін жауып, тәжірибені қайталайды. Кестенің сол жағында әр жолдағы әріптердің қа- лыпты жағдайда көріну қашықтығы (Д) жазылған. Егер зертте- луші 10-ыншы жолдағы әріптерді жақсы көре алса, көздің өткір- лігі 1-ге тең. Егер зерттелуші 1-інші жолдағы әріпті ғана көре алса, 5-ті 50 метрге бөліп көздің өткірлігі 0,1-ге тең екенін білу- ге болады. Көздің өткірлігі (V) кестенің оң жағында жазылған.




53-сурет. Сивцевтің кестесі


Жұмысты қорытындылау: Сивцевтің кестесін жазып алу, көздің өткірлігін көрсету. Қалыпты және рефракция бұзылған жағдайдағы көздің өткірлігін анықтау.

  1. жұмыс. Көздің көру өрісін анықтау

Көру анализаторының рецепторлық бөліміне көздің оптика- лық аппараты (жарық өткізгіш және жарық сындырғыш аппа- раттар) мен торлы қабаттан (таяқша және сауытшалар сезгіш ре- цепторлары бар) тұратын көз алмасы жатады. Ақпарат көру жүйкесі арқылы мидың алдыңғы төрт төмпешігі мен көру төм- пешігінің бүгілмелі латеральді денесінен өтіп, көру анализато- рының орталық бөліміне, яғни ми сыңарлары қыртыстарының желке бөлімінің аймағына барады. Көз тоқтатып қарағанда көрі- ністік кеңістіктің бөлігін көру аймағы дейді. Торлы қабаттың және көру анализаторының өткізгіш бөлімінің бұзылғанын тек- серу көз ауруы клиникаларында іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет