З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет96/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

кідірісімен байланысты функционалды сынақтың нәтижелері


Зерттелушілер



Қалыпты жағ- дайындағы тыныс алудың
тоқтату уақыты (с)

Жүктемеден кейігі тыныс алудың тоқтату уақы- ты(с)

Демалғаннан кейінгі
тыныс алудың тоқтату уақыты (с)

Денсаулығы жақ- сы, жаттықтырыл- ған

46 - 60

50 % жоғары

100 % жоғары

Денсаулығы жақ- сы,жаттықпаған

36 - 45

30-50 %

70-100 %

Денсаулығы бұзылған

20 - 35



30 % төмен



70 % төмен





Скибинскаяның индексі (көрсеткіші).
Скибинскаяның индексі арқылы адамның тыныс алу жүйесі- нің және жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметін бағалауға бола- ды.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтап, содан кейін Ски- бинскаяның индексін формула арқылы есептеп шығарыңыздар:





Скибинская индек
ӨТС (мл) × А 100 × Б

А – тыныс алудың тоқтату уақыты (с), Б – пульстің жиілігі (соғ./мин).

Алынған нәтижелерді бағалауды шкаламен салысты- рыңыздар:





Скибинская индексінің
көрсеткіші

Тыныс алу және жүрек-қантамырлар
жүйесінің күйі

5 төмен

Өте нашар

5 – 10

Нашар

10 – 30

Қанағаттанарлық

30 – 60

Жақсы

60 жоғары

Өте жақсы

Жұмысты қорытындылау: алынған мәліметтерді жазып, демді ішке тарту мен шығару кезіндегі тыныс алуды макси- мальды тоқтату шамасын салыстырыңыздар. Демді ішке тар- ту, тыныштықтан және жылдам тыныс алғаннан кейінгі тыныс алуды максимальды тоқтату деңгейін салыстырыңыздар. Бай- қалған айырмашылықтардың себептерін түсіндіріңіздер.


Бақылау сұрақтары:



  1. Тыныштық жағдайда 1 л ауадан қанға 30 мл О2 өтті. О2 бойынша ар- терия-веноздық айырмашылығы 9 көлемдік %-ға тең. Осы уақытта өкпе капиллярлар арқылы қанша мл қан өтті?

  1. 5 минуттың ішінде дем шығарған ауаның көлемі 30 л болды. Бұл ауа химиялық анализ арқылы зерттелді. Тыныс алу коэффициенті 0,7, ал N2 мөлшері 79,7% болып шықты. Дем шығарған ауаның құрамында СО2 және О2 мөлшері қандай?




  1. Адамның тыныс алу жиілігі жатқанда немесе тұрғанда бірдей ме? Бірдей болмаса, себептері неде?




  1. Тыныс алудың минуттық көлемі 8 л, өлі кеңістік көлемі 150 мл болған жағдайда өкпе вентиляциясының көрсеткішін есептеп шығарыңыздар:

а) тыныс алу көлемі 250 мл, тыныс алу жиілігі минутына 16 рет. ә) тыныс алу көлемі 250 мл, тыныс алу жиілігі минутына 32 рет.
Алынған екі өкпе вентиляциясының көрсеткіштерін салыстырып анықтаңыздар: тыныс алудың қандай режимі қолайлы?



  1. Альвеолалық ауадағы СО2 мен О2 парциалдық қысымын есептеп шы- ғарыңыздар.

α · V · P

  1. g = ────── бойынша артериалды қанның 100 мл плазмасында еритін 760

СО2 мен О2 мөлшерін есептеп шығарыңыздар: g – еріген газдың көле- мі; V – плазманың көлемі; P – қандағы газдың парциалдық қысымы; α – қан плазмадағы газдардың еріту коэффициенті; дене температурасы 37°С жағдайында ол О2 үшін 0,023-ке, ал СО2 үшін 0,51-ге тең.



  1. Тканьдік капиллярлардың артериалдық және веноздық бөліктерінде О2 мен СО2 парциалдық қысымы қандай? Ал клеткааралық сұйық- тықта және клетканың ішінде бұл көрсеткіш неге тең? Бір ортадан басқа ортаға өткенде О2 мен СО2 қай бағытта жүреді? Қандай күш әсер етеді? Бұл үдеріс қалай аталады?




  1. Артериалды және венозды қан рН-ының айырмашылығын көрсетіңіз- дер. Қанның рН-ы азайса, оксигемоглобиннің диссоциациясы өседі ме, төмендейді ме? Бұл өзгерістің физиологиялық маңызы неде?




  1. Қарқынды бұлшық ет жұмысы барысында өкпе вентиляциясы 1 ми- нуттың ішінде 120 литрге дейін өсуі мүмкін. Ауыр бұлшық ет жұмы- сы барысында ағза 1 минуттың ішінде 4-5 л О2 пайдаланып отыраты- ны белгілі, бұл жағдайда ағзаға келіп түсетін О2 мөлшері жеткілікті ме? Есептеп шығарыңыздар.




  1. Неге демалу үдерісі дамығанда кезеген жүйкенің афференттік тал- шықтарында әрекет потенциалдың жиілігі өседі? Кезеген жүйкенің афференттік талшықтары қозғанда тыныс алу орталығының буль-

барлық аймағының инспираторлық нейрондарының функционалды деңгейі қалай өзгереді?



  1. Егер атмосфералық қысым с.б. бойынша 760 мм болса, ересек адам- ның дем алған және дем шығарған кезде плевралық қуысының қысы- мы неге тең?




  1. Қалыпты жағдайда демді ішке алғандағы және демді сыртқа шығар- ғандағы ауаның көлемі:

а) өкпенің тіршілік сыйымдылығы ә) өкпенің жалпы сыйымдылығы б) тыныс алу көлемі
в) қалдық ауа
г) физиологиялық өлі кеңістік



  1. Өкпеде гемоглобин тотығады: а) карбгемоглобинге

ә) оксигемоглобинге б) тотыққан түрге
в) карбоксигемоглобинге г) метгемоглобинге



  1. Қанда тыныс алуға қатысатын пигмент: а) гемоглобин

ә) метгемоглобин б) карбгемоглобин
в) карбоксигемоглобин г) оксигемоглобин



  1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы:

а) тыныс алу көлемі, демді ішке тартудың резервтік көлемі, демді сыртқа шығарудың резервтік көлемі
ә) тыныс алу көлемі, өлі кеңістік ауасы б) қалдық ауа
в) тыныс алу көлемі, демді ішке тарту мен сыртқа шығарудың резе- рвтік көлемі, өлі кеңістік ауасы
г) қалдық ауа, тыныс алу көлемі, өлі кеңістік ауасы



  1. Ішкі тыныс алу дегеніміз:

а) альвеолярлық ауа мен сыртқы орта арасындағы газ алмасуы ә) қан мен альвеоларлық ауа арасындағы газ алмасуы
б) қан мен тканьдер арасындағы газ алмасу
в) альвеолярлық ауа мен тканьдер арасындағы газ алмасу г) барлығы дұрыс

  1. Сыртқы тыныс алуға жатады:

а) альвеолярлық ауа мен қан арасындағы газ алмасу ә) қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу
б) альвеолярлық ауа мен тканьдер арасындағы газ алмасу в) тканьдер мен қан арасындағы газ алмасуы
г) альвеолярлық ауа мен сыртқы орта арасындағы газ алмасуы



  1. Өкпенің жалпы сыйымдылығына жатады:

а) демді ішке тартқан кезіндегі өкпеге баратын ауаның мөлшері
ә) тыныс алу, қосымша тыныс алу, резервтік және қалдық ауаның қосындысы
б) демді ішке алу және сыртқа шығарғандағы ауа мөлшерінің қо- сындысы
в) тыныстық, қосымша және резервтік ауаның жиынтығы г) ауаның резервтік көлемі



  1. Демді қалыпты ішке тартқаннан кейін қосымша ауа жұтуды былай деп атайды:

а) тыныс алу ауасы ә) қосымша ауа
б) резервтік ауа в) қалдық ауа
г) өкпенің тіршілік сыйымдылығы



  1. Тыныс алу орталығы орналасқан: а) сопақша мида

ә) мидың қыртысты қабатында б) мишықта
в) жұлында
г) гипоталамуста



  1. Тексерілуші адамның ӨТС 4200 мл демді сыртқа шығарудың резерв- тік көлемі – 1600 мл, демді ішке тартудың резервтік көлемі – 1900 мл. Тыныс алу көлемі неге тең?

а) 3500 мл
ә) 300 мл
б) 700 мл
в) 2600 мл
г) 2300 мл



  1. Жасы мен спорттық дайындықтарының көрсеткіштері бірдей екі адам 1000 м жүгіреді. Дистанцияның соңында бірінші адамның тыныс алуының минуттық көлемі – 120 л, тыныс алу жылдамдығы минуты- на 80 болса, екіншісінікі осыған сәйкес 120 л және тыныс алу жыл- дамдығы 40 болды.Зерттелушілердің қайсысы жаттыққан?

а) бірінші
б) екінші
в) екеуі де бірдей жаттыққан г) екеуі де нашар жаттыққан
д) жаттыққандық пен келтірілген көрсеткіш арасында байланыс жоқ.



  1. Жоғарғы тыныс алу жолына жатады:

а) мұрын қуысы, жұтқыншақтың мұрын мен ауыз бөлімі ә) мұрын қуысы мен жұтқыншақтың мұрын бөлігі
б) мұрын қуысы
в) тамақ, кеңірдек, бронхылар, бронхиолдар г) кеңірдек, бронхылар



  1. Төменгі тыныс алу жолына жатады:

а) жұтқыншақтың ауыз бөлімі, тамақ, кеңірдек, бронхылар ә) тамақ, кеңірдек, бронхылар, бронхиолдар
б) кеңірдек, бронхылар, бронхиолдар в) кеңірдек, бронхылар
г) бронхиолдар



  1. Бір минут ішінде алмасатын ауаның мөлшері: а) өкпенің тіршілік сыйымдылығы

ә) өкпенің жалпы сыйымдылығы б) өкпе вентиляциясы
в) тыныс алу көлемі
г) физиологиялық өлі кеңістік



  1. Оттегінің жоғарғы парциальды қысымының ағзаға әсері: а) гипоксия

ә) гипербария б) гипобария в) гипоксемия г) гипокапния



  1. Атмосфераның жоғарғы қысымының төменгі қысым жағдайына тез ауысуы мынадай ауруды тудырады:

а) тау ауруының өткір түрі
ә) тау ауруының созылмалы түрі б) Кессон ауруы
в) биіктік ауруы
г) гипертония ауруы



  1. Қандағы СО2 артық мөлшерімен О2 жетіспеушілігі тыныс алу орталы- ғының активтілігін күшейтеді, бұл тыныс алу үдерісін тереңдетіп жә- не жылдамдатады, оны қалай деп атайды?

а) эйпноэ б) диспноэ
в) апноэ
г) гиперпноэ д) апнейзис



  1. Ішке тартқан ауа көлемінің бір бөлігі газ алмасуына қатыспайды: а) альвеола ауасы

ә) физиологиялық өлі кеңістік б) бронхиолдардағы ауа
в) өкпенің тіршілік сыйымдылығы г) өкпенің жалпы сыйымдылығы



  1. Бөлінетін СО2 сіңірілетін О2 қатынасы ағзада тотығатын қоректік заттардың сипатына тәуелді, ол былай деп аталады:

а) тыныс алу көлемі
ә) тыныс алу коэффициенті б) тыныс алу пигменті
в) барлығы дұрыс



  1. Неліктен сүнгитін жануарлар су астында ұзақ уақыт бола алады (көк кит 20- 30 минут, кашалот 80-100 минут)?

а) мұрын қуыстары жабылып қалатындықтан су тыныс жолына түс- пейді, бронхиолдардағы сфинктер жабылып қалады
ә) өкпеде альвеолдар саны көп
б) тыныс алу орталығының СО2 сезімталдығы төмен в) О2 байланыстыратын гемоглобиндер көп
г) барлығы дұрыс



  1. Бақа тыныс алады: а) тек терісімен ә) желбезегімен б) кеңірдектен

в) тері және өкпе арқылы г) тек өкпесімен



  1. Насекомдар тыныс алады: а) тек терісі арқылы

б) желбезек арқылы в) кеңірдек арқылы
г) тері және өкпе арқылы д) тек өкпе арқылы



  1. Құстарда кездесетін ауа қапшықтарының маңызы:

а) осылар арқылы альвеолдар демді ішке және сыртқа шығарғанда атмосфералық ауаны алады
ә) құстар ұшқан кезде денені қалыпты жағдайда ұстауға қатысады б) ауа сақтайтын орын
в) вентиляцияның күшеуіне және буланудың беттік көлемінің арту- ына байланысты құс денесін қызып кетуден сақтайды
г) барлығы дұрыс



  1. Өкпе көлемін өлшеуге арналған прибор: а) спирометр

ә) потенциометр б) вискозиметр в) калориметр
г) тонометр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет