Байланысты: Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
9-тарау АНАЛИЗАТОРЛАРФИЗИОЛОГИЯСЫ
Өзін-өзітексерусұрақтары: Анализаторлар дегеніміз не және қандай қызмет атқарады?
Көру анализаторларының құрылысы мен қызметі.
Көз аккомадациясы мен адаптациясы дегеніміз не, оның механизмі қандай?
Көздің торлы қабығының құрылысы қандай?
Сауытшылар мен таяқшалардың қызметі. Тері талдағыштардың құ- рылысы мен қызметі.
Сыртқы және ішкі орталардың ақпараттарды қабылдап, оларды өткізу және мидың жоғарғы бөлімінде талдау үдерісте- рін анализаторлар жүйесі атқарады. Барлық анализаторлар 3 бө- лімнен тұрады:
Сезгіш немесе рецепторлық бөлім.
Өткізгіш бөлім (жүйкелік жол).
Мидың үлкен жарты шарларының қыртысында орналас- қан орталық бөлім.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады. Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды ми қыртыстарына жеткізетін сезгіш жүйке- лерден тұрады. Анализаторлардың қыртыс бөлімін ми сыңарла- рының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрайды. Анализаторлардың қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәре-
желі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жаса- лады.
Көру анализаторының негізгі мүшесі – көз алмасы. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған; ең сыртқы қалың фиброзды қабық – ақ қабық, ортаңғы тамырлы қабық және ішкі
торлы қабық. Көздің жарық сезгіш (фоторецепциялық) бөлімі ең ішкі торлы қабықта орналасқан. Онда жарық сезгіш рецеп- торлар – таяқшалар мен сауытшалар, орын тебеді. Сауытшалар – күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықтан ғана тітіркенеді, ал таяқшалар әлсіз, қарауытқан сәуленің әсерімен ті- тіркенеді, олар түнгі көру аппараты.
Жалпы торлы қабықтың құрылымы өте күрделі, ол әртүрлі клеткалар немесе олардың өсінділерінен түзілген 10 қабаттан тұрады. Көз алмасының артқы бетін (көздің түбін) арнаулы оф- тальмоскоп деген құралмен қарағанда бозғылт түске боялған бө- лікті көруге болады. Бұл жерден қан тамырлары тармақтанып көрінеді. Көз түбінің осы бөлігін «соқыр дақ» деп атайды, себебі бұл жерде таяқшалар мен сауытшалар болмайды. Бүкіл торлы қабықтан осы жерге жүйке талшықтары шоғырлана жиналады да, көру жүйкесін түзеді.