Жұмыстың мақсаты: Көру аймағын анықтау әдісін үйрену.
Жұмысқа қажетті заттар: Форстер периметрі (54-сурет), түрлі түсті маркалардың жинағы.
54-сурет. Форстердің периметрі
Жұмыстың барысы: жарық периметрге біркелкі түсіріледі, содан соң зерттелуші периметрдің алдына жарыққа қарсы отыру керек. Зерттейтін көзді жарты шеңбердің дәл ортасында орналас-
қан дөңгелек таңбаға тоқтатып, екінші көзін алақанымен жабады. Периметрдің доғасын көлденең (горизонтальді) қойып, ақ түсті ба- қылау маркасын доғаның ішкі бойымен шетінен ортасына қарай зерттелуші көргенше жылжытады. Сыртқы және ішкі көру аймағы- ның шетін градус мөлшерінде өлшейді. Содан соң периметрдің до- ғасын тік қойып, үстіңгі және астыңғы көру аймағының шетін анықтайды. Доғаны 15о, 30о, 60о, 90о бұрып отырып, басқа көру ай- мақтарын өлшейді. Осы әдіспен түрлі түсті таңбалардың (көк, қы- зыл, жасыл, т.б.) көру аймағын анықтайды. Алынған нәтижелерді стандартты нүктелерді түрлі түсті сәйкес сызықтармен қосып, пай- да болған көру аймақтарын қалыпты көру аймақтарымен салысты- рады (55-сурет).
Жұмысты қорытындылау: Форстер периметрімен әр түс- ті таңбаның көру аймағының суретін салу. Қорытынды жазу.
55-сурет. Оң көздің көру өрісін анықтау үшін қолданылатын стандартты бланк
жұмыс. Көз торының соқыр дағын көрсету (Мариоттың тәжірибесі)
Соқыр дақ (көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері) жарықты сезбейді, себебі ол жерде таяқша және сауытшалар жоқ. Егер заттың бейнесі соқыр даққа түссе, көру сезімі пайда болмайды. Торлы қабаттағы соқыр дақты Мариоттың тәжірибесі арқылы көрсетуге болады.
Жұмыстың мақсаты: торлы қабатта соқыр дақтың бар екенін дәлелдеу.
Жұмысқа қажетті заттар: ақ түсті крест пен дөңгелек са- лынған қара қағаз (56-сурет).
Жұмыстың барысы: Зерттелуші қолына суретті ұстап, сол жақ көзін жауып тұрып, оң жақ көзімен суреттегі крестке қа- рап, (ақ дөңгелек сырт жағында қалады) біртіндеп оны көзіне жақындатады. 15-25 см қашықтықта ақ дөңгелек көрінбей кете- ді, себебі крестке көзді тоқтатқанда одан шашыраған сәулелер сары даққа түседі де, дөңгелектен шашыраған сәулелер белгілі бір қашықтықта соқыр даққа түсіп, дөңгелек көрінбей қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |