З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет103/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмыстың барысы: жату жағдайында эмоциялық тыныш- тық күйде адамның бір минуттағы пульс санын және Коротков әді- сімен қан қысымын өлшейді. Үш рет өлшеуді қайталағаннан кейін, осы сандардың нормадан бұрыстық пайызын мына формуламен есептейді: ПБ = 0,75×(ПС+ПҚ×0,74) – 72.
БП – нормадан бұрыстық пайыз, ПС – пульс саны, ПҚ – пульстік қысым.
Мысалы: пульс – 75, артериялық қысым – 120/80 мм, нор- мадан бұрыстық пайыз = 0,75× [75+(120-80) ×0,74]-72=0,75× [75+40×0,74]-72=6,45. Демек, тәжірибедегі кісінің негізгі зат ал- масуы 6,45%-ға көтеріңкі, бірақ нормадан тыс емес.
Рид формуласын жеңілдететін – номограмма (52-сурет). Бұл үш бағаналы сандардан тұрады. Пульс саны мен пульстік қы- сымды сызғышпен қосып, нормадан бұрыстық пайызын табады.


52-сурет. Рид формуласына арналған номограмма


Жұмысты қорытындылау: кесте және Рид формуласы мен номограмма арқылы анықталған негізгі зат алмасу деңгейін дәптерге жазу. Кестемен алынған зат алмасу мөлшерін Рид фор- муласымен алынған мәліметпен салыстыру.
  1. жұмыс. Тамақ рационын кесте бойынша құру




Жұмыстың мақсаты: берілген кестелерді пайдалана оты- рып, еңбектің әр саласына жататын түрлі категориядағы адамдар үшін тамақ рационын есептеп шығаруды үйрену.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: оқу құралында көрсе- тілген кестелер.
Жұмыстың барысы: ересек адамдарға қажетті энергия мөл- шері еңбектің түрімен және олардың ауыр-жеңілдігімен байланыс- тырылып есептелінеді. Осыған байланысты ересек адамдарды не- гізінен 4 категорияға бөледі (6-кесте).



    1. кесте

Еңбектің түрлі категориясына жататын адамдардың бір тәулікке қа-
жетті ккал. мөлшері


Еңбекке жарамды адамдар катего- риясы

Бір тәулікке қажетті ккал. Мөлшері

Еңбек түрлері

I

3000

Ой еңбегінің адамдары

II

3500

Еңбектің механикаландырыл- ған түрінде жұмыс атқаратын
адамдар

III

4000

Еңбектің механикаландырыл- маған түрінде жұмыс атқара- тын адамдар: слесарьлар, пеш қалаушылар

IY

50000

Еңбектің ауыр түрлерін бұл- шық ет арқылы атқаратын адамдар

Еңбектің түрлі категориясына байланысты қажетті тәуліктік ккал. мөлшері адам ағзасына тамақпен бірге белоктар, майлар және көмірсулар түрінде жеткілікті түрде түсіп отырса ғана орындалады. Мысалы, еңбектің бірінші категориясына жататын адамдар үшін күнделікті рационға 109 г белок, 106 г май, 433 г көмірсу кіріп отыруы шарт. Қоректік заттар қатынасы барлық категория үшін 1:1:4 шамасында болуы қажет (7-кесте).


Тамақ рационын 8-кестені пайдалана отырып жасайды. Бұл кестедегі 100 г тамақтық заттың ішіндегі белоктар, майлар, кө- мірсулар пайыз мөлшерімен көрсетілген.
Тамақ рационын жасаған кезде оның құрамында адамға қа- жетті белоктар, майлар, көмірсулар, витаминдер, минералды тұздар мен су міндетті түрде болу керек.



    1. кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет