З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет52/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмыстың барысы: Панченков приборы диаметрі 1 мм болатын капиллярлық пипеткалар орналасқан штатив (33-сурет).



  1. сурет. Эритроциттердің шөгу жылдамдығын анықтауға арналган прибор

Пипеткалар қабырғасында үш белгі бар: «К» (қан), «О» жә- не «Р» реактив). Қан ұйымас үшін пипеткаларды 5% натрий цитраты ерітіндісімен жуады. Пипетканы «Р» белгісіне дейін осы ерітіндімен толтырып, сонан соң сағаттың ойық шынысына немесе пробиркаға құяды. Енді осы пробирканы «К» белгісіне дейін қанға толтырып, оны пробиркадағы ерітіндіге қосады. Қан ұйып қалмас үшін оны бірнеше қайтара сорып, қайта құю арқы- лы ерітінді мен қанды әбден араластырады. Қанды екі рет алған жөн болады. Сонда қан мен ерітіндінің арақатынасы 1:4 мөлше-


рінде болады. Бұл тәжірибенің дәл шығуы үшін қажет. Пипет- каны «К» белгісіне дейін осы қоспамен толтырып, штативке ті- гінен бекітеді де, бір сағатқа қалдырады. Бір сағат өткеннен кейін эритроциттер төмен шөгеді де, жоғарғы деңгейінде плазма қабаты орналасады. Плазма қабатының биіктігі эритроциттер- дің шөгу жылдамдығын көрсетеді.
Қалыпты жағдайда эритроциттердің шөгу жылдамдығы ер адамдарда 1-10 мм/сағ., әйелдерде 2-15 мм/сағ., екі қабат әйел- дерде 45 мм/сағ. болады.
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың мазмұнын көшіріп жазу. Эритроциттердің шөгу жылдамдығын стандартпен са- лыстыру.


    1. жұмыс. Қанның ұю үдерісі және оны реттеу


Қанның ұюы – аса маңызды ферментативті көп фазалы реакция. Осы арқылы ағза травма кезінде қан кету үдерісімен күресе алады. Қан ұюының жылдамдығы ұйытушы, ұйытуға қарсы және фибриндік жүйелердің өзара әрекеттесулерімен ты- ғыз байланысты.


Осы жүйелердің әртүрлі компоненттерінің жағдайларын анықтауға мүмкіндік беретін көптеген әдістер белгілі. Кейбір әдістер қан ұю үдерісінің жылдамдығын толық қамтуға негіз- делген. Бұл ұсынылып отырған әдіс қан ұю жылдамдығын 3-5 минут аралығындағы уақытты қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет