З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет60/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Қозғыштық. Жүрек еті электрлік, механикалық, термия- лық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркен- дірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді (деполяризацияланады) де, жүрек- тің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған және қозбаған бөліктерінің арасында потенциалдар айырмасы туын- дайды. Миокард клеткаларында (кардиомиоциттерде) қаңқа еті- мен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созыла- ды (200-400 мс).
Автоматия. Жүрек етінің сыртқы әсерсіз тек ағзаның өзін- де туындайтын қозу толқындарының ықпалымен жұмыс істеу қабілетін жүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткіз- гіш жүйенің қызметіне байланысты. Жүректің өткізгіш жүйені Кис-Фляк (синус-жүрекше), Ашофф-Тавар (жүрекше-қарынша) түйіндері, Гисс шоғыры, Гисс сабақтары және Пуркинье тал- шықтары құрайды. Өткізгіш жүйе жүректің автоматия қасиетін қамтамасыз етеді.
Өткізгіштік. Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет клеткалары – пейсмекерлерде пайда болады да, жүрекше еттері- не электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гисс шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарай- ды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және
оқшауламай барлық ет талшықтарына таратады. Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әртүрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қандылар жүрекшелері қабырғасымен секундына 0,8-1 м, қа- рыншалар қабырғасымен 0,8-0,9 м, қарыншалар өткізгіш жүйе- сімен 2-4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатында қаңқа еттерінде қозудың 4,7-5 м/секунд жылдамдықпен тарай- тынын айтып өтейік.
Жиырылғыштық. Қозу толқынына жүрек еті жиырылу- мен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығы- ның қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бұлшық еттермен салыстырғанда шабандау, баяуырақ жиырылады.
Рефрактерлік. Қозу үстіндегі жүрек етінің тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөліне- ді. Олар – абсолюттік (толық) рефрактерлік, салыстырмалы реф- рактерлік және экзальтация (лепілдеу) сатылары. Систола кезін- де жүрек етінің қозғыштық қасиетінің жойылуын толық рефрак- терлік деп атайды. Бұл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргішке жауап бермейді. Жүрек еті босаңси бастағанда (диастола) оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, қалпына келе бастайды. Осы уақыт- та күшті тітіркендіргішке әлсіз жауап алынады. Бұл сатыны са- лыстырмалы рефрактерлік деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет