З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


жұмыс. Келликердің тәжірибесі



бет68/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

жұмыс. Келликердің тәжірибесі

Жүрек етінің қозуымен байланысты туындайтын биоэлектр- лік құбылысты жүрек биотогы деп атайды. Жүрек еттері қозу толқынымен бір сәтте қамтылмайды. Оның бір бөлігінде қозу үдерісі қалыптасқанда, басқа бөлігі тыныштық күйде болады. Осыдан жүректің қозған теріс зарядты бөлімі мен қозбаған оң зарядты бөлімінің арасында потенциалдар айырмасы туындайды да биоток пайда болады. Оның кернеуі өте төмен (1-2 мв), ал кү- ші ампердің миллионнан бір бөлігіндей ғана болады.


Жүректе пайда болған әрекет потенциалы бүкіл денеге та- райды, сондықтан арнайы сезімтал аспаптарды пайдалана оты- рып, осы потенциалдар толқынын қисық сызық бейнесінде жа- зып алуға болады. Жүрек еттеріндегі биоэлектрлік құбылысты зерттейтін әдісті – электрокардиография, биотоктарды зерттеу үшін қолданатын аспапты электрокардиограф, ал биотоктарды бейнелейтін қисық сызықты электрокардиограмма (ЭКГ) деп атайды. Электрокардиограммада бес өркеш болады (Р, Q, R, S, Т). Р өркеші жүрекшелер қозған кезде, ал Q, R, S, Т өркештері қарыншалар қозғанда пайда болады. ЭКГ-ны жазу үшін денеден үш түрлі жолмен ток тартылады: 1) оң және сол қолдан; 2) оң қол мен сол аяқтан; 3) сол қол мен сол аяқтан.
Жүректің биотогі тек электрокардиография әдісімен ғана емес, сонымен қатар биологиялық әдіспен де анықталады. Мұн- дай әдістің бірі – Келликер тәжірибесі.
Жұмыстың мақсаты: биологиялық әдіспен жүрек биото- гының бар екендігін дәлелдеу.
Жұмысқа қажетті заттар: наркоз беріліп, операциялық тақтайшаға шалқасынан бекітілген егеуқұйрық, бақаның ет-жүй- ке препараты, физиологиялық ерітінді, зат шынысы, скальпель, қайшы, пинцет, мақта.
Жұмыстың барысы: егеуқұйрықтың кеуде қуысын ашып, жүрегін табады. Ет-жүйке препаратын зат шыныға салады. Шонданай жүйкесін ырғақты түрде жиырылып жатқан жүректің үстіне тез сала қояды. Бұл мезетте жүрекпен бір ритмде балтыр еті де жиырылады. Балтыр етінің жиырылуы жүректің жиыры- луынан бұрынырақ пайда болады. Жүректің биотогы ет-жүйке препаратын тітіркендіріп, оның жиырылуын қамтамасыз етеді. Балтыр еттің латенттік (жасырын) уақыты 0,01 секунд, яғни жү- рек етінің латенттік уақытынан да (0,5 секунд) қысқа болған- дықтан, ол бұрын жиырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет