З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет66/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмыстың мақсаты: бақа жүрегінің құрылысын білу жә- не жүрек жұмысының циклін бақылау.
Жұмысқа қажетті затар: бақа, ілгегі бар Энгельман рыча- гі, штатив, операциялық тақтайша, құралдар жинағы, пипетка, физиологиялық ерітінді.
Жұмыстың барысы: жұлыны зақымдалған бақа опера- циялық тақтайшасына шалқасынан бекітіледі. Көкірек қуысын кең ашып, төс сүйегімен бұғананы алып тастайды. Жүректі пе- рикардтан босатып алады да үзбесін кеседі. Жүректің ұшын пинцетпен көтеріңкіресе веноздық синус көрінеді. Ең алдымен, веноздық синус жиырылғандықтан оны оңай табуға болады. Жүректің циклін бақылағаннан соң жазып алады.
Ол үшін операциялық тақтайша штативке бекітіледі. Эн- гельман рычагіне жіппен байланған ілгекке жүректің ұшын іліп алады. Жүректің жиырылуынан рычаг қозғалады. Оның қоза- луы кимографтың лентасына жазылады. Жақсы жазылу үшін рычагтің аламы кимографтың барабанына көлденең, ал жіп жү- рекке қарай тік орналасу керек. Кимограф рычагтің сол жағына орналастырылады (37-сурет). Жазу солдан оңға қарай бағытта- лады. Кимограммадағы аласа сызық жүрекшенің систоласы, одан кейінгі биік сызық – қарыншаның систоласы. Кимограмма- дағы сызықтың жоғары көтерілуі жүректің систоласына, ал тө- мен түсуі диастоласына сәйкес келеді (38-сурет).


37-сурет. Бақа жүрегінің жиырылуын графикалық тіркеуге арналған қондырғы: 1 – Энгельман иіні; 2 – қаламұш; 3 – кимограф;
4 – электромагниттік уақыт анықтаушы






  1. сурет. Бақа жүрек жұмысының кардиограммасы: 1 – жүрекшелердің систоласы; 2 – қарыншалардың систоласы; 3 – қарыншалардың босаңсу кезеңі; 4 – жүректің жалпы диастоласы



Жұмысты қорытындылау: 1. Жүректің жиырылуын жазу- ға арналған сызбаны сызып алыңыздар. 2. Кардиограмманы сы- зып алып, оны талдаңыздар (систола мен диастоланы белгілеңіз- дер). Келесі сұрақтарға жауап қайтару: 1. Жүректің қызметін зерттеуде қандай әдістер қолданылады? 2. Жүрек циклі дегені- міз не және бақаның жүрек циклі қандай кезеңдерден тұрады?
3. Адамның жүрек қызметінің циклі, оның кезеңдерінің ұзақтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет