Табиғи жағдайда миокард клеткалары барлық уақытта қозу жағдайында немесе ырғақты белсенді күйінде болады. Сондық- тан да оның тыныштық потенциалы жайлы тек шартты түрде ға- на айтылады. Көптеген клеткаларда ол 90мВ шамасында бірың- ғай К+ концентрациялық градиентімен белгілі болады.
39-сурет. Жүректің әрекет потенциалы
Әрекет потенциалы жүректің әр бөлігінде миоэлектродтар арқылы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, олардың формасы, амп- литудасы және ұзақтығы әртүрлі болатындығын байқаған. Қа- рыншаның миокард клеткасының потенциалын сызба түрінде жазып байқағанда мынадай түрде болатындығы аңғарылған (39- сурет).
Осы потенциалды тіркеу үшін мембрананы +30мВ-ке дейін тітіркендіру қажет болды. Әрекет потенциалы төрт кезеңнен тұ- рады:
Бастапқы жылдам деполяризациялау.
Жылдам реполяризация.
Баяу реполяризациялау.
Жылдам соңғы реполяризациялау.
Жылдам деполяризациялау кезеңінде клетка мембранасын- дағы натрий каналының активтілігінен, былайша айтқанда, нат- рийдің өткізгіштігінің жоғарылауынан, жүйкенің және қаңқа ет- тері талшықтарының әсерлік потенциалы жоғары фазасына ұқ- сас ең жоғарғы биіктігіне өрлеуіне сай әрекет потенциалында мембрана потенциалының белгісі өзгереді 90мВ-тен +30мВ ауысады. Мембрананың деполяризациясы кальций каналдары- ның активтілігін тудырады. Осы канал бойынша Са2+-дің ағыны клетка ішіне кіріп, әрекет потенциалы шыңының дөңестенуіне әкеледі. Дөңестену кезінде натрий каналының активтілігі төмен- дейді, осы кезде клеткадан шығатын К+ ионының ағыны мемб- рананың тез арада реполяризациялануын қамтамасыз етеді, сөйтіп, кальций каналы жабылады, ол өз кезегінде реполяриза- ция үдерісін тездетеді. Бара-бара мембрананың өткізгіштігінің кальций үшін төмендеуі, ал калий үшін жоғарылауы соңғы репо- ляризациялау кезеңін қамтамасыз етеді. Оның нәтижесінде клет- ка ішіне кіретін Са2+-дің ағыны азаяды, ал клетка ішінен шыға- тын К+ ионының ағыны жоғарылайды да мембрана потенциалы- ның қалпына келуiн қамтамасыз етедi.
Миокард клеткасының адамда өмір бойы жұмыс істеу қабі- леттілігі осы клеткадағы иондық насостарының жұмысына бай- ланысты. Диастола кезінде клеткадан Na+ ионы шығады, ал клеткаға К+ ионы қайтып кіреді. Цитоплазмаға енген Са2+ ионы саркоплазматикалық ретикуммен қысқартылады.
Миокардтың қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі мио- кардиалдық клеткада АҮФ және креатин фосфат қорының азай- ғандығына алып келеді, соның нәтижесінде насостың жұмысы бұзылып, миокардиалды клетканың механикалық және электр- лік активтілігі төмендейді.