З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет64/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысты қорытындылау: Дәптерге сау адамның жүрегі- нің шегін жазып алыңыздар.
Сұрақтарға жауап беріңіздер. Перкуссия әдісі неге негізделген? Сау адамның жүрегінің шегі қандай?



  1. жұмыс. Аускультация

Жүректің дыбысын (тондарын) тыңдау. Жүректің салмағы – 250-350 г. Жүрек соғысының тонын (дыбысын) фонендоскоп ар- қылы зерттеп білуге болады. Жүрек жиырылып босаған сайын жүрек тондары деп аталатын екі түрлі дыбыс естіледі. Оларды стетоскоп немесе фонендоскоп арқылы тыңдайды. Стетоскоп- тың кеңдеу жағын тыңдаушының құлағына, тар жағын зерттелу- шінің кеудесіне қойып тыңдауға арналған ағаш түтік. Оны ды- бысты жақсы өткізетін материалдан жасайды. Фонендоскоп – зерттелушінің кеудесіне қойып, тыңдауға арналған мембранасы бар капсула. Капсулаға тыңдаушының құлағына салынатын ар- найы ұшы бар резина түтік жалғасқан.



  1. тон систолалық – қатаң, төмен және созылмалы дыбыс (0,11-0,12 секунд) қарыншалар жиырылған кезде пайда болады. Ол атриовентрикулярлық қақпақшаларының жабылуынан, тара- мыс жіпшелердің тартылуынан, қарыншалар еттерінің жиыры-

луынан, айшық тәрізді қақпақшалардың ашылып, қанның ағуы- нан пайда болады.

  1. тон диастолалық – ашық, жоғары, қысқа (0,07-0,08) се- кунд. Ол – қарыншалардың босаңсыған кезі және айшық тәрізді қақпақшаларының диастола кезінде жабылуынан пайда болатын дыбыс.

Бірінші тоны жүректің төбесі жағында, бесінші қабырғалар- дың деңгейінде сол жақ қарынша мен қос жақтаулы қақпақшалар- дың тұсында болады. Осы тонды төс сүйегіне ІV және V қабырға- лардың арасында тыңдауға болады. Ол – оң жақ қарынша мен үш жақтаулы қақпақшаның соғуынан пайда болатын дыбыс.
Екінші тон – төс сүйегінің оң жағынан екінші қабырға аралығында орта қақпақшасының ашылып жабылуы. Бұл ды- бысты төс сүйегінің сол жағында тыңдауға және арнаулы фо- нокардиограммаға жазып алуға болады. Әртүрлі жүрек ауру- лары кезінде, әсіресе «жүрек ақауы» тоны өзгереді. Оған басқа да шуылдар қосылып, дыбыс анық естілмейді. Себебі клапан- дарының жұмысында өзгерістердің болуы мүмкін. Мысалы, жүрек ақауы (порок сердца) кезінде қақпақшалар толық жа- былмай, қан қайта кері ағады. Соның нәтижесінен қосымша дыбыс пайда болады. Шуыл кейде клапандарды жауып, ашып тұратын аппараттардың да қысқаруының арасындағы тесіктер- дің азаюынан болады. Дыбысты немесе жүрек жұмысы тонын алдын ала зерттеу дегеніміз – пайда болып келе жатқан жүрек ауруына диагноз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет