З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет61/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

ЖҮРЕКТІҢ ЖИЫРЫЛУ ЦИКЛІ


Жүрек минутына 70-72 рет соқса, жүрек циклі (айналымы) 0,8-0,9 секундқа тең болады. Жүрек соғуы жиілесе немесе сире- се, оған орай айналым уақыты не ұзарады, не қысқарады. Айна- лым уақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, яғ- ни жүрек соғуы жиілесе, оның диастоласы қысқарады. Систола- ға қажет уақыт мөлшері көбінесе өзгермейді.


Жүрек айналымы 0,1 секундқа созылатын жүрекше систо- ласынан басталады. Оң жүрекше жиырылуы 0,01 секундтай ер- терек басталады. Өйткені онда жүректі қоздыратын синоатриал- дық түйін орналасқан. Қозу осы түйінде туады да, оң қарыншаға бұрынырақ жайылады. Систола кезінде жүрекшелерде қан қы- сымы с.б. 5-8 мм-ге жетеді. Бұл уақытта қарыншалар диастолада
болады, ал атриовентрикулярлық қақпашалар ашық болғандықтан, қан жүрекшеден қарыншаға құйылып тұрады. Жүрекше жиырыл- ған сәтте оған қан жеткізетін веналардың өзегі қысылып жабылып қалады. Сондықтан қан жүрекшеден веналарға қарай кері қайт- пайды, веналарда қысым төмен болғанымен, қан өтпейді. Систола- дан кейін жүрекше диастоласы және қарынша систоласы бір мез- гілде басталады. Қарынша систоласы 0,33 секундқа созылады, ол ширығу және қан айдау кезеңдері болып екіге бөлінеді. Ширығу 0,08, қан айдау 0,05 секундқа созылады. Ширығудың өзі екі кезең- нен тұрады: 0,05 секундқа созылатын асинхрондық жиырылу мен 0,03 секундқа созылатын изометрлік жиырылу. Асинхрондық ке- зеңде қарынша еттерінің бәрі бірден жиырылмайды. Жиырылу қо- зуға сәйкес ет талшықтар тобын біртіндеп қамтиды. Қарынша қуы- сында қысым онша өзгермейді, сондықтан атриовентрикулярлық қақпашалар ашық қалпында қалады.
Изометрлік кезінде қарынша еті түгелдей ширығады, бірақ оның қуыстары қанға толы болғандықтан, жиырыла алмайды, яғни ет талшықтарының ұзындығы өзгермейді. Сондықтан бұл кезең изометрлі кезең деп аталған.
Қарыншалар систоласының қан айдау кезеңі айшық қақпа- шалардың ашылу мезгілінен басталады. Бұл тез және баяу қан айдау кезеңдеріне бөлінеді. Тез қан айдау кезеңі 0,12, ал баяу қан айдау кезеңі 0,13 секундқа созылады. Қан айдау кезеңінде айшық қақпақшалар ашылғаннан кейін қанның қарыншалардан қан тамырларына шығуына мүмкіншілік туып, ет талшықтары жиырылып қатты қысқарады, сондықтан қарыншадағы қан қы- сымы арта түседі. Баяу кезең аяқтала бастағанда миоциттер қат- ты жиырылғандықтан қысым одан әрі көтеріледі. Сол қарынша- дағы қысым с.б. 120-130 мм-ге дейін артады, ал оң қарыншада 25-30 мм-ге жетеді. Қан айдаудың баяу кезеңінде қанның қарын- шадан қолқа мен өкпе артериясына өтуін қамтамасыз ету үшін қан тамырлары қысымынан көтеріліп келе жатқан қарыншадағы қан қысымы жоғары болуға тиіс. Осыған орай, жүректің жиыры- луы да күшейе түседі.
Қан айдау кезеңі аяқталысымен қарынша диастоласы баста- лады, ол 0,47 секундқа созылады. Бұл 4 кезеңнен тұрады: прото- диастола, изометрлік босау, қанға толу, пресистолалық.
Жүрек минутына 65-80 рет соғады. Жүрек соғуы сиресе (40-50) брадикардия, ал жиілесе (минутына 150) тахикардия деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет