Жұмыстың мақсаты: аускультация әдісін меңгеріп, жү- ректің дыбыстарымен танысу.
Жұмысқа қажетті затар: фонендоскоп.
Жұмыстың барысы: студенттер бір-бірінің жүрек тонда- рын тыңдайды. Акустика проекция нүктелері:
тон – қос жармалы қақпақшаның дыбысы – бесінші қа- бырға аралығында сол бұғананың орта сызығынан 1 см ішке (оңға) қарай; үш жармалы қақпақшаларының дыбысы төс сүйегінің семсер тәрізді өсіндісі бекітілген жерінде естілуі.
тон – екінші қабырға аралығында оң жақтан қолқа қақ- пақшаларының, сол жақтан өкпе артериясының қақпақшалар дыбысының естілуі.
Жүрек тондарын тыңдауды қос жармалы қақпақшалардың дыбысынан бастайды да, сонан соң үш жармалы, қолқа және өк- пе қақпақшаларына ауысады.
Жұмысты қорытындылау: адамның кеуде қуысының су- ретін салып және жүректің дыбыс тондарының ең жақсы естіле- тін жерлерін көрсетіңіздер.
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Жүрек тондарының пайда болу механизмі және олардың ерекшеліктері.
Жүрек қақпақшаларының акустикалық проекциясы кеуде- нің қай нүктесінде орналасады?
Аускультацияның клиникадағы маңызы.
4-жұмыс. Бақа жүрегінің жиырылуын тіркеу
Бақаның жүрегі үш бөлімнен: веноздық синустан, екі жү- рекшеден, бір қарыншадан тұрады. Бақа жүрегі қызметінің цик- лі 4 кезеңге бөлінеді:
Систоладан немесе веноздық синустың жиырылуы.
Жүрекшенің систоласы.
Қарыншаның систоласы мен диастоласы.
Жүректің жалпы тыным алуы.
Сүтқоректілерде веноздық синус жоқ, олардың жүрек жұ- мысының циклі үш кезеңге бөлінеді:
Жүрекшенің систоласы.
Қарыншаның систоласы.
Қарыншаның диастоласы.
Графикалық әдіс арқылы жүректің қызметін толық анық- тауға болады. Жүректің жиырылуы жазылған сызықты кардиог- рамма дейді. Кардиограмма жүректің жиырылуы жиілігі мен ритмін, күшін, жүрек бөлімдерінің жиырылу кезегін және ұзақ- тығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |