Жұмысты қорытындылау: жұмыстың мазмұнын көшіріп жазу. Эритроциттердің бұзылу шекарасын анықтау. Пробирка- лардағы гемолиздің жүру механизмін түсіндіру.
жұмыс. Химиялық заттардың эритроциттердің осмостық резистенттілігіне әсері
Жұмыстың мақсаты: түрлі химиялық заттардың эритро- циттердің осмостық резистенттілігіне әсерін анықтау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: штатив, пробирка- лар, химиялық заттар (эфир, хлороформ, спирт, 1% хлорлы нат- рий ерітіндісі, т.б.), фибриннен тазартылған қан.
Жұмыстың барысы: жұмысқа үш пробирка керек, оларды төмендегі ретпен толтырады:
№1 пробиркада 1 мл спирт + 9 мл 1% натрий ерітіндісі;
№2 пробиркада 1мл эфир + 9 мл 1% натрий ерітіндісі;
№3 пробикада 1мл хлороформ + 9 мл 1% натрий ерітіндісі.
Пробирканың әрқайсысына 0,5 мл фибриннен тазартылған қан құйып, шайқап араластырғаннан кейін бір сағатқа қалдырады.
Жұмысты қорытындылау: тәжірибеге арналған хлорлы натрий ерітіндісі ерітіндінің қай түріне жатады (изотониялы, ги- пертониялы немесе гипотониялы). Гемолиз қай пробиркада жү- реді, оның себебін анықтау.
жұмыс. Гемин кристалдарын алу
Қан гемоглобиніне мұздай сірке қышқылы мен натрий хло- ридін қосқанда гемин деп аталатын қосылысқа айналады (35-су- рет). Геминде темір үш валентті және ол хлормен байланысқан. Гемин кристалдарға тән формаға ие, осыған орай бұл реакцияны соттық медицина тәжірибесінде қан дақтарын анықтау үшін қолданады. Гемин кристалдарын алу үшін тек мұз сiрке қышқы- лы қосылады, ал натрий мен хлор иондары әрдайым қан плазма- сында болады.
35-сурет. Гемин кристалдары
Жұмыстың мақсаты: гемин кристалдарын алу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, екі зат- тық шыны, жабын шыны, фибриннен тазартылған қан, мұздай сірке қышқылы, спиртовка.
Достарыңызбен бөлісу: |