жұмыс. Тыныс алу қозғалыстары
Жасөспірімдер 15 жасқа толғанда олардың тыныс алу жиілігі минутына 15-16 ретке теңеледі, мұның өзі олардың ты- ныс алу жиілігі ересек адамдардың көрсеткіштеріне сәйкес ке- летіндігін көрсетеді. Егер тұрақты түрде спортпен шұғылдана- тын болса, тыныс алу жиілігі минутына 10-15-ке дейін азаяды. Спортпен шұғылдану кезінде тыныс алу жылдамдығы ересек адамдарда минутына 30-дан, ал балаларда 40-тан аспауын қада-
ғалап, реттеп отыру қажет және бұл көрсеткіштердің бастапқы қалпына келуі 7-9 минут аралығыда жүреді.
Жұмыстың мақсаты: көкірек клеткасының тыныс алу қоз- ғалысы мен көлемінің өзгеруін бақылау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: лента-метр, көкірек клеткасын өлшейтін циркуль, секундомер.
48-сурет. Дем алған және дем шығарған кездегі көкірек қуысының көлемі
Жұмыстың барысы: зерттеуге екі студент қатысады. Оның біреуі кеудесін жалаңаштап, орындыққа отырады, екінші- сі көкірек клеткасының қозғалысын қалыпты тыныс алу кезінде, одан кейін терең тыныс алғанда мынадай өзгерістерді бақылап белгілеп отыру керек: 1. Көкірек клеткасының екі бөлігі тең жағдайда кеңейеді ме? 2. Демді ішке тартып және шығарғанда қабырға аралық кеңістіктер өзгереді ме? 3. Демді ішке тартып, сыртқа шығарғанда көкірек клеткасының өлшемдері қай бағыт- та және қалай өзгереді? Соңғы тапсырманы орындау барысында
эксперимент жүргізуші екі қолын бір мезгілде а) арқа мен кеуде- ге, б) екі мықынға қойып тексереді (терең дем алу кезінде). Одан әрі эксперимент жүргізуші зерттелуші кеудесінің жоғары бөлігі- не саусағын жазып алақанын қояды, 1 минут ішінде демалу қоз- ғалыстарын санайды. Сонан соң демді барынша ішке тартып, қа- лыпты тыныс шығарғаннан кейін көкірек клеткасының шеңбе- рін лента-метрдің көмегімен өлшейді. Лента-метрді арқаға жауырынның астына, алдыңғы жақта емізік деңгейінен орналас- тырады. Одан әрі терең тыныс алу кезінде құрсақтың қозғалы- сын бақылайды (48-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |