3. К.Г.Юнг тұлғаның дамуындағы негізгі үш белгісі туралы (ұжымдық бейсаналылық, дара бейсаналылық, индивидуалды жеке саналы). Аналитикалық үлгіде жеке тұлғаның негізгі үш концептуальды одағы немесе аймағы (сферасы) бөлініп алынады:
Ұжымдық санасыздық - адам психикасында мұраланған архетиптер ретінде ұсынылған адамзаттың бүкіл мәдени тарихи тәжірибелері шоғырланған жеке тұлғаның негізгі құрылымы.
Индивидуалды (дара) санасыздық - санадан ысырылып тасталған эмоционалды оқталған ойлар мен сезімдер немесе “комплекстердің” жиынтығы. Комплекске мысал ретінде “билік комплексін”, яғни
Индивидуалды (дара) санасыздық - санадан ысырылып тасталған эмоционалды оқталған ойлар мен сезімдер немесе “комплекстердің” жиынтығы. Комплекске мысал ретінде “билік комплексін”, яғни адамның өзінің бүкіл психикалық энергиясын билікпен тікелей немесе жанама байланысты іс-әрекетке өзі мұны ұғынбай жұмсауын алуға болады.
Индивидуалды (дара) саналы - өзін ұғыну мен өзіміздің саналы іс-әрекеттерімізді реттеуге көмектесетін ойлар, сезімдер, еске түсірулер мен түйсінулерді қосып алатын құрылым.
“Өзінділік” архетипінің әрекеті есебінен жеке тұлғаның тұтастығына қол жеткізуге болады. Бұл архетиптің басты мақсаты адамның “индивидуация” немесе ұжымдық санасыздықтан шығуға жол табу. Бұл “өзінділіктің” (самость) адам психикасындаға барлық құрылымдарды бір тұтастыққа ұйымдастырып, үйлестіріледі, интегралдап әрбір жеке адам өмірі қайталанбастай және бірегейлік құруы арқылы жүзеге асады. Өзінділікте мұндай интеграцияның екі тәсілі мен екі ішкі дайындық (бағдары) бар:
экстраверсия – туа біткен архетиптерді сырттан келетін мәліметтермен толықтыру бағдары (объектіге бағытталу);
интроверсия – ішкі әлем мен өзінің қайғыруларына бағытталу (субъектке бағытталу).
Әрбір адамда бірдей өлшемде экстраверт те интровертте болады. Алайда, олардың көріну дәрежесі әртүрлі болады.