§ 2 Дәрі түрлері туралы мәліметтер. Дәрілік түр деп қажетті емдік немесе алдын алу әсерін алу үшін дәрілердің қолдануға ыңғайлы түрлерін айтамыз. Дәрілік түрлер қоюлануына байланысты қатты, сұйық және жұмсақ болып бөлінеді.
1. Қатты дәрі түрлері:
2.Сұйық дәрі түрлері
3.Жұмсақ дәрі түрлері
Ұнтақ - Pulvis, eris n
Таблетка - Tabuletta, ae f
Драже - Dragee
Гранула - Granulum,i n
Пилюля - Pilula,ae f
Қоспалар - Species,ei f
Капсула - Capsula,ae f
Ерітінді - Solutio,onis f
Эмульсия - Emulsum,i n
Тұнба - Infusum,i n
Тұндырма - Tinctura, ae f
Қайынатпa - Decoctum,i n
Май - Oleum, i n
Шырын - Succus,i m
Шәрбат - Sirupus,i m
Тамшы - Gutta,ae f
Жағынды - Unguentum,i n
Паста - Pasta,ae f
Линимент - Linimentum,i n
Cуппозиторий - Suppositorium,i n
Пластыр - Emplastrum,i n
§3.Дәрілік препараттар атауларының құрылымы. Дәрі-дәрмектің атауы дәрі түрімен басталады. Дәрілік заттың немесе өсімдіктің атауы eілік септігінде бас әріппен жазылады. Мыс.: Linimentum Streptocidi, Unguentum Tertacyclini, Extractum Calendulae, Infusum florum Chamomillae, Infusum etc.
Дәрілік түрді белгілейтін қиысқан анықтауыш препараттың атауында ең соңында тұрады. Мыс.: Сынаптың сұр жағындысы -Unguentum Hydrargyri cinereum , Синестролдың майлы ерітіндісі -Solutio Synaestroli oleosa, Таниннің спирттік ерітіндісі - Solutio Tannini spirituosa.
§4 Фарм. терминдерді латын тілінен аударыңыз: Solutio Strophantini, tabulettae Prednisolon6, unguentum Streptocidi, species antiasthmaticae, solutio Camphorae oleosa, suppositoria vaginalia "Osarbonum", radix Althaeae, cortex Frangulae, tabulettae Aloёs obductae, infusum foliorum Digitalis.
Өсімдік бөліктерінің атаулары: cortex,icis m қабық herba, ae f шөп
flos,floris m гүл radix,icis f түбір
fructus,us m жеміс rhizoma, atis n тамыр
folium,i n жапырақ semen,inis n тұқым
gemma,ae f бүршік