Жұмыстың тақырыбы: Атмосфералық ауа мониторингі
Жұмыстың мақсаты: Атмосфералық ауа мониторингімен, ауадағы зиянды заттардың шекті мөлшердегі концентрацияларымен, бөлме ауасының құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерін экспресс әдіспен анықтау әдістемесін меңгерту.
Құрал-жабдықтар: 100 мл-лік шприц, кальцинирленген сода (0,005% ерітіндісі), фенолфталеин (1% ерітіндісі)
Сабақтың жоспары:
І. Зертханалық жұмысты орындау
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру
ІІІ. Блиц тест
ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы
Ауадағы көмірқышқыл газын экспресс-әдіспен анықтау
100 мл шприцке 20 мл 0,005% сода мен фенолфталеин ерітіндісін сорады, оның түсі ашық-қызыл болуы тиіс. Содан соң 80 мл ауа сорып, 1 минут шайқап араластырады. Егер ерітінді түссізденбесе шприцтен ауаны баяу ығыстырып шығарады да қайтадан ауа сорып тағы 1 минут шайқайды. Бұл операцияны 3-4 рет қайталайды, содан соң ауаны аз порциялармен 10-20 мл-ден енгізеді, және 1 минут ерітінді түссізденгенше шайқап отырады. Шприц арқылы өткен ауаның жалпы көлемін есептеп ауадағы көмірқышқыл газының концентрациясын келесі кесте бойынша анықтайды.
0,005% 20 мл сода ерітіндісін түссіздендіруге жұмсалған ауаның көлеміне байланысты ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері
Көмірқышқыл газын анықтауды ашық атмосфералық ауа мен бөлмеде, жабық кеңістіктерде, адам саны көп асхана, кітапхананың оқу залдарында жүргізеді. Анықталған көмірқышқыл газының мөлшерлерін салыстырып, қай жерде көп, қай жерде аз екендігін анықтап, түсініктеме беріледі. Зерттеу нәтижелері келесі түрде өрнектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |