Жұмыстың тақырыбы: Су сапасының мониторингі
Жұмыстың мақсаты: шаруашылық пен ауыз су үшін қолданылатын су сапасының көрсеткіштері, сулы ортадағы шекті мөлшердегі концентрация түрлерімен таныстыру, судың органолептикалық қасиеттерін анықтау әдістемесін меңгерту
Құрал-жабдықтар: әр түлі көздерден алынған су (өзен-көл, құдық суы, қар суы), цилиндр; әріптерінің биіктігі 2 мм, қалыңдығы 0,5 мм болатын шрифт; сызғыш; зерттелетін су; Фотоколориметр; 100 мл-лік цилиндр; 1 л-лік колбалар; дистилденген су;
Сабақтың жоспары:
І. Зертханалық жұмысты орындау
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру
ІІІ. Блиц тест
ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы:
Судың органолептикалық көрсеткіштерін анықтау
1. Температурасы: Судың үлгісін алу үшін термометрмен (0,10 дәлдікке дейін) суда 5 минут ұстап өлшейді.
2. Мөлдірлігі: Судың мөлдірлігі арнайы шрифт арқылы сұйықтың сантиметрмен алған биіктігі бойынша анықталады. Ауыз су үшін мөлдірлік 30 см-ден кем болмауы керек. Өзен сулары үшін 25 см, мөлдірлігі бұл шамадан төмен болса, су ластанған болып саналады. Зерттелетін суды цилиндрге құйып, астына 4 см қашықтықта шрифт қояды, суды біртіндеп, шрифт анық көрінгенше төге береді. Шрифт анық көрінгенде қалған судың биіктігін сызғышпен өлшейді.
3. Тұнба: Бөтелкедегі жақсылап араластырылған суды 30 см-лік цилиндрге құйып, бірнеше сағатқа тұндырып қояды. Уақыт өткен соң тұнбаның мөлшерін, түсін байқайды. Тұнба көп болса, су ластанған болып саналады.
4. Түсі: Судың құрамында гуминді заттар көп болса, түсі сарыдан қоңырға дейін өзгереді. Судың түсін градус арқылы анықтайды. Түсі 200 болса, ол су түссіз болып табылады. Ауыз судың түсі 200 аспауы керек.
№1 Стандартты ерітінді: 0,0875 г калий бихроматы, 2 г кобальт сульфаты мен 1 мл (тығыздығы 1,84 г/мл) күкірт қышқылын дистилденген суда ерітіп, 1 л-ге дейін жеткізеді. Ерітіндінің түсі 5000 .
№2 ерітінді: 1 мл концентрлі күкірт қышқылына 1 л-ге дейін дистилденген су қосады; Зерттелетін су. Шкала дайындау үшін №1, №2 ерітінділерді түсті анықтауға арналған хром-кобальт шкаласының кестесі бойынша қосады. Хром-кобальт шкаласы
№1 ерітінді, мл. 0 1 2 4 4 5 6 8 10 12 16
№2 ерітінді, мл. 100 99 98 97 96 95 94 92 90 88 84
Түс градустары 0 5 10 15 20 25 30 40 50 60 70
Цилиндрге сүзілген зерттелетін суды құйып, кесте бойынша дайындалған ерітінділер құйылған цилиндрмен салыстырып табады. Бұдан да дәлірек фотокалориметрмен анықтауға болады. Ол үшін хром-кобальт шкаласы бойынша градуирленген график сызады. Түсті әртүрлі ерітінділерді көк спектрлі 5 см-лік кюветамен фотоколориметрде өлшейді. Түсі 350 жоғары ауыз суға пайдалануға болмайды.
5. Иісі: Судың иісі балмен есептеледі. Иісі жоқ су 2 балдан аспау қажет
Құралдар:Тығынды колба; 200 мл конустық колба; сағат шынысы; электр плитасы; термометр; зерттелетін су.
Тығынды колбаның 2/3 бөлігіне зерттелетін су құйып, жақсылап шайқап араластырып, тығынын ашып, иісін байқайды. Иістің интенсивтілігі 5 балдық шкаламен есептеледі. 0-иіссіз, 1-өте әлсіз, 2-әлсіз, 3-иісті, 4-ішуге жарамсыз, 5-өте қатты иісті су. Судың иісін төмендегідей терминология бойынша сипаттайды: Символы Иістің сипаты
А Хош иісті
Ә Балшық иісті
Б Шіріген иісті
В Ағаш иісті
Г Жер иісті
Ғ Көгерген
Д Балық иісті
Е Көмірсутек иісті
Ж Шөп иісті
З Белгісіз иісті
6. Дәмі: Судың дәмі балмен анықталады. 2 балдан аспайтын су жарамды су болып табылады. Судың дәмі де иісі арқылы анықталады. Зерттеу нәтижелерін келесі кестеге түсіріңіз:
Зерттеуге алынған су Мөлдірлігі Түсі Иісі Температурасы Дәмі Тұнбасы Өзен суы Су қоймасының суы Ауыз су
Блиц - тест
1. Атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпті тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамын бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе:
А. Физикалық мониторинг
В. Химиялық мониторинг
С. Биологиялық мониторинг
D. Экобиохимиялық мониторинг
Е. Құрама экологиялық мониторинг
2. Зерттейтін обьектілерді байланыстырып және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылатын авиациялық, космостық мониторинг:
А. Құрама экологиялық мониторинг
В. Химиялық мониторинг
С. Биологиялық мониторинг
D. Экобиохимиялық мониторинг
Е. Дистанциялық мониторинг
3. Адам аптаның 8 сағаттық жұмыс күнінде немесе аптасына жалпы 41 сағаттан аспайтын жұмыс істеген кезде, еңбекке жарамды жасының соңына дейін ешқандай ауру тудырмаған, яғни қазіргі зерттеу әдістері оның ешқандай ауруын тіркемеген немесе денсаулығында ешқандай ауытқулар туындатпайтын концентрация?
А. ШМКж.з.
В. ШМКм.бр.
С. ШМК о.т
D. ШМКс
Е. ШМКбш
Достарыңызбен бөлісу: |