«Қазақ әндері» фестивалі өткізілді. Бұл сайысқа 1-9 сыныптардың барлығы белсенді түрде қатысып, қазақша әндерді нақышына келтіре отырып орындады. Үздік орындаушылар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Апталықтың үшінші күні Ә.Ж.Уныйбаева 5 «Б» сыныбында «Менің елімнің ақшасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа мектеп директоры Б.Ж.Омарова, оқу ісінің меңгерушісі Р.Б.Базилова, тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Қ.Жайдақбаева, бастауыш сынып мұғалімі А.Т.Табулдина қатысып, өз бағаларын берді. Сондай-ақ, «Көктем шуағы» сайысын мектеп кітапханашысы Л.А.Омарбекова өз дәрежесінде өткізді. 1 наурыз алғыс айту күніне орай аға тәрбиешісі Р.Т.Асылханова оқушылар арасында қазақ тілі пәнінен сөзжұмбақтар, ребустар, жұмбақтар сайысын өткізді.
Апталықтың төртінші күні мемлекеттік тілде оқытылатын 7,8,9 сыныптар арасында «Абайтану» әдеби кешін Р.Қ.Жайдақбаева ұйымдастырды. Абайдың бала кезінен сахналық қойылым қойып, үлгі-ғибратқа мол қара сөздерін оқып, оқушылар мен мұғалімдердің рухани танымын байытуға ықпал жасады. «Абайтану» әдеби кешінде 7 «А» сынып оқушылары ұлы ақынның бірнеше өлеңдерін жатқа оқыды, 8 «А» сынып оқушысы Оқап Аружан «Желсіз түнде жарық ай» әнін шебер орындап шықты, содан кейін Абайдың баласы Әбдірахманды сынға алуынан сахналық көрініс көрсетті. Және кеш «Көзімнің қарасы» әнін оқушылар хормен әдемі орындады.
Достарыңызбен бөлісу: |