«Тіл-ұлттың тірегі» атты қазақ тілі апталығының есебі
Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі,, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
2017 жылдың 27 ақпаннан бастап наурыздың 04 дейін «Тіл-ұлттың тірегі» атты қазақ тілі апталығы өтті. Апталық салтанатты жиынмен ашылды және «Ана тілім-ардағым» кітаптар көрмесі кітапханашы Л.А.Омарбекованың ұйымдастыруымен өткізілді. Сонымен қатар жерлес ақын-жазушыларымызға арналған «Үздік қабырға газеті» сайысына әр сыныпқа нақты ақын беріліп, сол адам жайында барлық мәліметті жан-жақты салып, қорғау жұмысы тапсырылды.
Қазақ тілі апталығы аясында жерлес ақын-жазушыларымызға арналған үздік қабырға газеті
№
|
Сынып
|
Сынып жетекшісі
|
Газет атауы
|
1
|
5 «А», 6 «А»
|
Ә.Ж.Уныйбаева
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров
|
2
|
7 «А», 8 «А»
|
З.К.Сарина
|
Қалижан Бекхожин
|
3
|
9 «А»
|
Р.Қ.Жайдақбаева
|
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
|
4
|
5 «Б»
|
А.Т.Темірбекова
|
Мұзафар Әлімбаев
|
5
|
6 «Б»
|
Г.М.Мусагажинова
|
Жүсіпбек Аймауытов
|
6
|
7 «Б»
|
А.А.Бережная
|
Иса Байзақов
|
7
|
8 «Б»
|
Бұқар Жырау
|
А.О.Утельбаева
|
8
|
9 «Б»
|
Л.В.Униятова
|
Жаяу Мұса
|
Осы сайыстың қорытындысы бойынша 9 «А» сыныбы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығын асқан шеберлікпен өрнектеп салып, І орынға ие болды.
ІІ орынға 7 «Б» сыныбы Иса Байзақовтың шығармашылығын жан-жақты көрсеткені үшін ие болса, 6 «Б» сыныбы Жүсіпбек Аймауытұлының шығармашылығын ашып көрсеткені үшін ІІІ орынға ие болды. Қалған сыныптар «Терең мазмұндылығы», «Ұшқыр ойлылығы», «Көркем дизайны» атты аталымдармен марапатталды.
Апталықтың екінші күні Ә.Ж.Уныйбаева 9 «А» сыныбында Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа оқу ісінің меңгерушісі Р.Б.Базилова, тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Қ.Жайдақбаева, бастауыш сынып мұғалімі А.Т:Табулдина қатысып, өз бағаларын берді. Сабақтың басы үй жұмысын «ыстық орындық» әдісі арқылы тексерілді. Жаңа тақырып Bilimland сайтынан бейнематериал мен тапсырмалар және тест жұмысын оқушылар жоғары қызығушылықтарымен орындады. Сабақта қолданылған тапсырмалар: екі жақты күнделік, семантикалық карта, өлеңдерді сатылай кешенді талдау, венн диаграммасы, бес жолды өлең және т.б.сабақ соңында оқушылар өздеріне лайықты бағаларын қойып, сабақтан алған білімдерін жинақтап айтты. Сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы бағаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |