З. Н салимбаева, Ж. К. Ракижанова, кеуекті толықтырғыштардың технологиясы 050730- «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру»



бет7/15
Дата18.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#163174
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
кеуекті толықтырғыштар технологиясы

7.5 Шешімін өңдеу
Кварцты құмдағы қиыршық тас түйіршігінің орташа тығыздығын мына формуламен анықтайды:

m – түйіршік салмағы, г;
V – түйіршік көлемі, см3 (мл).
Соңғы шешімі ретінде үш түйіршіктің параллель сынағының орташа арифметикалық шешімін алады. Әдіс геологиялық шикізат үлгілерін өлшеуге арналған.

8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


«КЕСЕК ТОЛЫҚТЫРҒЫШТЫҢ СУ ЖҰТҚЫШТЫҒЫН АНЫҚТАУ»




8.1 Әдістің мәні
Әдіс массаның суланған және суланбаған кездегі айырмашылығына негізделген.


8.2 Аппаратура
ГОСТ 24104-88 бойынша техникалық таразы.
ГОСТ 16.0.801.397-87 бойынша кептіргіш электрошкаф.
Сыйымдылығы 1,2 және 5л өлшеуіш цилиндр ыдыс.
Стандартты жинақтағы тесігі 5мм елеуіш.
Толықтауышты суландыруға арналған контейер.


8.3 Үлгіні дайындау
Сыналатын фракция көлемі 2,3 немесе 5л кесек толықтырғыш үлгісін қалыпты массаға дейін кептіреді және 2-3мин ішінде тесігінің диаметрі 5мм елеуіштен 5мм-ден аз түйіршіктерді елейді, кейін үлгіні тура екі бөлікке бөліп, әр бөлікті өлшейді.
8.4 Сынақты жүргізу
Толықтырғыш бөлігін контейнерге салады, қақпағын жауып, ақырындап суға батырып және толықтырғыштан көпіршіктерді жоғалту үшін шайқайды. Контейнерді суда 1сағ ұстайды, содан соң шығарып, өлшейді де, қалған су ағып кеткенше 10мин тұрады. Кейін толықтырғыш үлгісін контейнерден алып, техникалық таразыда өлшейді.
8.5 Шешімін өңдеу
Кесек толықтырғыштың пайыз бойынша су жұтқыштығын мына формуламен анықтайды:

m1 – толықтырғыштың құрғақ үлгісінің салмағы, г;
m2 – суландырылған толықтырғыштың салмағы, г.
Сынақтың шешімі ретінде екі параллель анықтаманың орташа арифметикалық мәнін алады.
Кесек толықтырғыштың процент бойынша су жұтқыштығы көлемі бойынша кесек толықтырғыш түйіршігінің орташа тығыздығының алдын-ала белгіленген мәні арқылы мына формуламен анықтайды:

rк – кесек толықтырғыш түйіршігінің орташа тығыздығы, г/см3;
rв – судың тығыздығы 1 г/см3 тең;
W'погл – 1 сағ кесек толықтырғыштың су жұтқыштығы, %.

9 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


«ТҮЙІРШІКТІК ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ»






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет