З. Н салимбаева, Ж. К. Ракижанова, кеуекті толықтырғыштардың технологиясы 050730- «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру»



бет9/15
Дата18.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#163174
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
кеуекті толықтырғыштар технологиясы

10.1 Әдістің мәні
Әдіс күйдіру мен суытудан кейін алынған алдын-ала кептірілген материалдың стандартты елеу жинағынан елеуіне негізделген.


10.2 Аппаратура
ГОСТ 23676-79 бойынша статикалық өлшеуге арналған таразы.
ГОСТ 16.0.801.397-87 бойынша кептіргіш электрошкаф.
Сыйымдылығы 1,2, 5,10 және 20л өлшеуіш цилиндр ыдыс.
Домалақ тесікті 5,10,20,40мм стандартты елеуіштер жинағы.
ГОСТ 1770-74 бойынша сыйымдылығы 1000мл шыны өлшеуіш цилиндр.
ГОСТ 13474-79 бойынша кептіргіш электрошкаф.


10.3 Үлгіні дайындау
Көлемі 15-20л сыналатын үлгіні қалыпты массаға кептіреді.


10.4 Сынақты жүргізу
Материалдың түйіршікті құрамын оны әртүрлі фракциялардан елеу арқылы анықтайды. Ол үшін алдымен кептірілген үлгі салмағын М анықтайды және оны стандартты елеуіш жинағынан өткізеді.
Үлгіні шамалы мөлшерде қолмен немесе механикалық әдіспен елейді, сонымен қатар елеудегі толықтырғыш қалыңдығы елеу бүйірінің биіктігінің 1/3-нен артық болмауы керек.
Егер елеуді үздіксіз сілкігенде толықтырғыш түспесе, елеуді бітті деп есептейді.
Елеудің ұзақтығы 15мин-тан көп болмау керек.
Әр елеудегі қалдықты өлшейді, барлық елеудегі бөлік қалдықтарды грамм бойынша есептейді, содан кейін барлық елеудегі бөлік қалдықтың қосындысын санайды.


10.5 Шешімін өңдеу
Көлемі бойынша материалдың түйіршіктің құрамын анықтау үшін әр елеудегі салмағы бойынша бөліктік қалдықты бөлек фракцияның үйінді тығыздығының белгіленген мәніне бөледі.
Бөлек фракциялы қиыршық тас түйіршіктерінің үйінді және орташа тығыздығын анықтау 3 және 4 бөлімде берілген әдіспен есептейді.
Процент бойынша үлгінің қосынды көлемін 0,1% дәлдікпен бөліктік және толық қалдықтың көлемін анықтайды.
11 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

«КЕСЕК ТОЛЫҚТЫРҒЫШ ТҮЙІРШІКТЕРІНІҢ ФОРМАСЫНЫҢ КОЭФФИЦИЕНТІН АНЫҚТАУ»




11.1 Әдістің мәні
Әдіс формомердің көмегімен толықтырғыш түйіршігінің ең үлкен және ең кіші өлшемін анықтауға негізделген. Түйіршік формасының коэффициентін түйіршіктің ең үлкен мөлшерін ең кішіге бөлу арқылы анықтайды.


11.2 Аппаратура
ГОСТ 166-80 бойынша формомер немесе штангенциркуль.
Формомер

1-қозғамалы бұрыш; 2-қозғалмайтын бұрыш; 3-екі еселі шарнилі параллелограмм; 4-кулиса-бағыттаушы; 5-шкала; 6-бұрылыс осі; 7-сырғақ осі; 8-рукоятка; 9-ұсақ тас түйіршігі; 10-инвентарлы винт

Сурет 8 – Формомер






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет