11.3 Үлгіні дайындау
Сыналатын фракция толықтырғышының үлгісінен 1л алады және кварттау арқылы 50 түйіршік бөледі.
11.4 Сынақты жүргізу
Формомердің немесе штангенциркульдің көмегімен әр түйіршік формасының коэффициентін анықтайды.
Ұсақ тастың түйіршігін өлшегенде бұрыштың біреуін тік, біреуін жанына қарай орналастырып, үлкен және сілтеуіш саусақпен ұстап, екінші бұрыштың екі жағындағы түйіршікпен қиылысқанша айналдырады. Кулиса-бағыттаушы әрқашан төртбұрыштың BD диагоналіне параллель. Төртбұрыштың ұзын қабырғасының ұзындығы ұзындыққа, ал қысқасы-түйіршік қалыңдығына тең болады; түйіршіктің аталған өлшемдерінің қатынасы, төртбұрыштың қабырғаларының қатынасына немесе tg a-ға тең.
Қозғалатын бұрышты бастапқы қалпына алғанда өлшенген түйіршік дайындық сыйымдылыққа түседі.
Формомер болмаған жағдайда түйіршік формасының коэффициентін штангенциркульмен анықтайды. Ол үшін 1мм қателігі бар штангенциркульмен әр түйіршіктің ең үлкен және ең кіші мөлшерлерін өлшеп алады. Әр түйіршік үшін форма коэффициентін мына формуламен анықтайды:
Dнаиб – түйіршіктің ең үлкен өлшемі, мм;
Dнаим - түйіршіктің ең кіші өлшемі, мм.
11.4 Шешімін өңдеу
Кесек толықтырғыш түйіршігінің формасының коэффициентін мына формуламен анықтайды:
Кфi - i-ші түйіршік формасының коэффициенті;
п – өлшенген түйіршік саны.
Форма коэффициенті 2,5-нан көп түйіршік процентпен есептелінеді.
12 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
«ЦИЛИНДРДЕ ҚЫСУ АРҚЫЛЫ ТОЛЫҚТЫРҒЫШТЫҢ БЕРІКТІГІН АНЫҚТАУ»
12.1 Әдістің мәні
Цилиндрде қысқандағы толықтырғыштың беріктігі сыналатын толықтырғыш үлгісіне 20мм-де плунжердің енуіне сай келетін күшпе анықталады.
Беріктілікті өлшемі 5-10,10-20 және 20-40мм кесек толықтырғыш фракциясы үшін және 1,25-2,5мм фракциялы перлитті құм үшін анықтайды.
12.2 Аппаратура
ГОСТ 8905-82 бойынша максималды күш салуы 50-250кН гидравликалық пресс. Стальді құрамы цилиндр.
ГОСТ 23676-79 бойынша статикалық өлшеуге арналған таразы.
ГОСТ 16.0.801.397-87 бойынша кептіргіш электрошкаф.
ГОСТ 427-75 бойынша металликалық сызғыш.
Күрекше.
а) ГОСТ 9758 бойынша; б) ТУ 02-59 бойынша 1-цилиндр, 2-пуансон, 3-поддон
Сурет 9- Толықтырғыштың беріктігін анықтауға арналған құрал (стальді құрама цилиндр)
Достарыңызбен бөлісу: |