57
да баға береді. Оның үстіне ата
-
анаға əрі əке
-
шеше, əрі тəрбиеші ретінде баға
беріледі. Мұғалімнің балаға жəне ата
-
аналардың тəрбиелік ықпалына дұрыс
талап қойып, дұрыс баға беруі педагогикалық тұрғыдан мақсатты, əділетті
түрде болуға тиіс. Сонда ғана педагог пен ата
-
аналардың арасында дұрыс
қарым
-
қатынасқа қол жететін болады. Педагогикалық
тұрғыдан дұрыс
қарым
-
қатынас орнату үшін мұғалім мен ата
-
ана тəрбие мақсаттары мен
міндеттерін бірдей дəрежеде түсінуі, балалардың дамуына бірдей көзқараста
болуы, əр баланың дамуының перспективалары мен қиындықтарын көре
білуі қажет. Оқушының əкесімен, не шешесімен қысқа əңгіме кезінде
мұғалімнің балаға наразылығын дұрыс бағытта жеткізе білуі керек.
Мұғалімнің бұл ойы түсінікті, ата
-
ана назарын бірден тəрбие ісіндегі ең
басты, ең қиын жағдайға аудармақ болады. Ал ата
-
ана болса мұндай
кездесуден жақсы, ғибратты жаңалық ала алмайды, олар: «Мұғалімнің өзін
кінəлап, менің ұлымның (немесе қызымның) бойындағы жақсы жақтарын,
ширақтығын, жаңалыққа құштарлығын, жолдастарына жақын тұратын
қалайша байқамайды екен»
-
деп ойлайды.
Осыдан келіп дұрыс қарым
-
қатынас орнамайды, ата
-
ана мұғалімге сенімсіздікпен қарайды. Әсіресе
үлгермейтін жəне тəртіпсіз оқушылардың ата
-
аналарының жағдайы қиын.
Іскерлікпен əңгімелесудің орнына мұғалім барлық ата
-
ананың көзінше
əлгіндей оқушы туралы ашуланып айтып береді, оны күлкіге айналдырады.
Ал ол
баланың ата
-
анасы болса ұялып, өкініп, реніш үстінде келесі жолы
мектепке келмеуге бел байлайды. Сондықтан да мектепте тəртібі мен
үлгерімі жақсы оқушылардың ата
-
аналарының үй ішін əлекке салатын
балалардың ата
-
аналарынан гөрі жиірек жəне ықыластана келетініне
таңдануға болмайды.
Сондықтан да педагог та, ата
-
ана да əрбір оқушыға оның бойында одан
əрі дамытуға болатын жақсы жақтарына деген оптимистік сеніммен қарауға
тиіс. Баланың өз күшіне сенуіне көмектесу
-
мұғалім мен ата
-
ананың міндеті.
Өзіне өзінің сенуі оқушыны тəрбие субъектісіне айналдырады, ол біртіндеп
өзінің алдына əртүрлі міндеттер қойып
оны шешудің жолдарын іздеп
табатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: