Мұғалімнің көмекшілері Құзырлы мұғалімге тəн белгілер Бас Кəсіби түсінік Оқыту мен оқу, сондай
-
ақ жеке тұлға ретінде оқушылар
туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті
білімнің болуын талап етеді. Сондай
-
ақ тəжірибені
түсіну, дамыту/жетілдіру үшін дəлелдер/зерттеулер
нəтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.
Қол Оқытудың тəжірибелік дағдылары Бұл оқытуды іске асыру, түзету жəне бағалау барысында
түйінді кəсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық
жəне тəжірибелік дағдыларын, əртүрлі əдістер мен
тəсілдерді білуді талап етеді. Сонымен қатар
ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтарды, сондай
-
ақ
оның жекелеген кезеңдерін жоспарлау жəне оқушыларды
бағалау əдістемелерін меңгеру қажет. Жоғарыда аталған
білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ
үстінде оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті
жəне одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге
ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның
тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.
Жүрек Кəсіби - өнегелілік тұтастық Жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани
-
адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық жəне
моральдық құндылықтарын ұстанады.Демек, олар
шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім
жəне құрмет көрсете білетін əділ адамдар. Мұғалімдер
–
өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет
екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары
қалыптасқан жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы
мамандықтың басқа иелері де бөліседі. «Педагог
-
оқушы»
жүйесіндегі
қарым
-
қатынаста
ізгілікті
жəне
демократиялық бағыт негізгі ұстанымдар болып
табылады.
3.5 -
сурет. Шульманның «үш көмекшісі» (Shulman, 2007)