43
мен тəрбиелеу, дамыту үдерістерінде дəстүрлі мұғалім мен жаңа дəуір
мұғалімі айырмашылығының бірнеше өлшемдерін «Венн диаграммасы» əдісі
арқылы салыстырыңыз.
1-
тапсырма.
«Еркін пікір» əдісі бойынша «Қарым
-
қатынастың оқушы
тұлғасына əсер етуі» тақырыбына пікірталас немесе ақпараттық жоба
дайындаңыз.
3.2. Педагогикалық ортада адамгершілік қатынастардың
ерекшеліктері
Адамгершілік
-
өздігінен қалыптасқан, тұлғаның мүддесі мен
бағыттылығын, рухани бейнесі мен тұрмыс дəстүрін анықтайтын, қажеттілігі
мен
мотивін бақылайтын дара, интеллектуалды
-
эмоционалды пікірлерге
сүйенетін əлеуметтік
-
психологиялық білім.
Адамгершілік
-
адамдардың күнделікті қарым
-
қатынасына қатысты
гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі
ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі
үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай
-
ақ
кеңпейілдік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады. Осыдан келіп
адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмінің синонимі ретінде, адамның игілігі
мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым
-
қатынастар жүйесі мен қоғамдық
ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Ғалымдардың
зерттеулеріне сүйенсек
-
адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен
тарихи
-
мəдени, рухани қажеттіліктің нəтижесі. Ұлы
ойшылдың сөзімен
айтқанда, ғылым нақты бір заттың табиғатын зерттесе, адамгершілік сол
затпен, қоршаған ортамен дұрыс қарым
-
қатынас жасау жолдарына
бағыттайды. Ғылым арқылы білім ұшталады, шындық пен адасудың арасын
көрсетеді, ал адамгершілік тəжірибе мен əдептің нəтижесі болып табылады.
Нəтижесінде адамгершілік
-
жеке
адамның өзін
-
өзі ұстай білуінде, мінез
-
құлқында, қылығында көрініс табады.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі, оның психикасы тек
айналасындағылармен қарым
-
қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады,
яғни қоғамдық тəрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Адам
санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам
өмірінің болуы мүмкін емес. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір
адаммен қарым
-
қатынасқа түседі. Мəселен, нəрестенің
анасымен тілдесу
қажетін қанағаттандырмау
-
біртіндеп оның қатал, мейірімсіз болып өсуіне,
кішкентайынан айналасына деген сенімсіздікке əкеледі. Адамгершілік
қасиеттері туа пайда болмайды, ол тəрбие нəтижесінде қалыптасады.
Адамгершіліктің моральдан айырмашылығы мораль сыртқы қоғамда
жазылған заңдар мен нормалар жүйесін қамтып сырттай əсер ететін болса,
адамгершілік адамның ішкі дүниесінде қалыптасады. Адамгершілік адамның
ішкі еркінің сезімі. Адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа
талпыну, мүдделерді үйлестіру мен ұжым болып жұмылудың, жоқ
-
жітік пен
ауру
-
кемтарға, бала мен кəріге жəрдемдесудің қажеттігін сезіну мен
44
мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады деп ой түйіндей келе
,
адамгершілік ұғымына келесі анықтама беруге болады.
Адамгершілік
дегеніміз
-
тұлғаның өз бойындағы негізгі ізгі сезімдер
мен терең руханилықтан туындап, моралдық нормаларға бағынатын еркін
қарым
-
қатынас жүйесі.
Адамгершіліктің көрініс табуы əрбір тұлғада əртүрлі. Себебі əр тұлға
өзіне əртүрлі жеке өзінің құндылық мақсаттарын таңдайды. Соған бағыттап
өз бойында рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады (Г.А.
Брандт, А.М. Лобок).
Адамзат қоғамындағы қарым
-
қатынастың
ең жоғарғы мақсаты
-
жақсылық, яғни əр халықтың игі істері, жеке адамның жақсылық істерімен
жəне қарым
-
қатынасымен бағаланады.
Адамгершілік қатынас моральдық тұрғыда екі жақты: біріншіден,
махаббат, достық, сенімділік, əдептілік сияқты адамгершілік қатынас
нормалары, принциптері мен мотивтері; екіншіден, өзге қатынас формалары
адамның түрлі іс
-
əрекеттері арқылы жүзеге асатын əлеуметтік,
экономикалық, саяси, ұлттық, еңбек, отбасылық қатынас.
Адамгершілік
қатынастардың ерекшелігі
-
адамдар өміріндегі өзіне
деген дүниетанымының қарым
-
қатынасы. Адамгершілік
-
адамшылық,
каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым
-
қатынастары.
Адамгершілік қатынастардың ерекшелігі: адамгершілік сезімді дамыту жəне
тəрбиелеу, адамгершілік тəртібінде іскерлік пен дағдыны дамыту.
Адамгершілік
-
бұл тəрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай
санасына, сезіміне, əдет
-
қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету.
Рухани
-
адамгершілік құндылық тəрбиесіндегі басты нысана тұлғаны
құрметтеу.
Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар, кіші
ғарыштық əлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін жəне дүниемен, əлеммен
біртұтастығын саналы түрде түсіну.
Адамгершілік сапалары:
-
адалдық;
-
махаббат;
-
сүйіспеншілік;
-
парасаттылық;
-
ізгілік;
-
моральдық сана сезім.
Адамгершілік тəрбие беруде жеке тұлғаның əлдебір əрекетке баруына
түрткі болатын сенімді туғызатын сана мен мінез
-
құлық қалыптасады. Олар
өз кезегінде түрлі іс
-
əрекеттер арқылы көрніс тауып, тұлғаның өз қызметінде
тікелей басшылыққа алынып отырады. Мұндай іс
-
əрекеттер мен себептер
əрбір тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапасын ашып көрсетіп отырады.
Адамгершілік моральдық қадір
-
қасиеттеріне
:
Достарыңызбен бөлісу: