З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет28/84
Дата03.02.2023
өлшемі1,95 Mb.
#167355
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84
Байланысты:
З.С.Алканова

эгоизм 
-
(өзімшілдік)
латын тілінен енген сөз. 
Бірінші жағдайда адамды қоғам мен басқа адамдарға қатынасы тұрғысынан 
сипаттайтын өмірлік принцип пен моральдық қасиет. Ол басқалардың 
мүддесімен санаспайтын, тек өз мүддесін ғана көздейтін адамның жеке 
басының теріс қасиетін бейнелейді. Екінші жағдайда субъектінің құндылық 
бағдары; өмірлік қарекетінде өз қамын, өз қажетсінулерін басқа адамдар мен 
əлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем санау. Адам бойында 
өзімшілдіктің белең алуы, тұлғаны, индивидті тəрбиелеуде кеткен 
кемшіліктерінен болады. Отбасындағы тəрбиенің бағдары бала өзін тым 
жоғары санауынан, яғни эгоцентризміне бағытталса, онда бала да 
мүдделерін, қажетсінулерін ғана негізге алатын мінез
-
құлық қалыптаса 
бастайды. Есейе келе мұндай мінез
-
құлық арқылы өзін ғана жақсы көрушілік, 
өзінен басқаның күйініш
-
сүйінішіне немқұрайдылық танытады.
Адами қатынастардың этикасында
игі əрекеттердің бірі 
-
тіл табысу 
мен өзара түсінісу, оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, 
басқа адамдармен қатынаста, ең бастысы 
-
оның əрекеттерiнен көрiнедi. 
Адами қарым
-
қатынастар құндылығын (отбасы, махаббат, достық) терең 
үйретіп, олардың танымдық белсенділігін, адамгершілік сапаларын дамытуға 
негіз болады. Қарым
-
қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан гөрі 


41
адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты болып келеді. 
Сонымен қатар педагогикалық қарым
-
қатынаста тəрбиелік
-
қатынас 
функциясын жүзеге асыруда 
эмпатия мен симпатия
ұғымдары кеңінен 
қолданылады.
Эмпатия
-
біреудің (тəрбиеленушінің) орнына өзін қоя білу, оның 
мақсатын, уəжін түсіне білу қабілетінің болуы белгілі бір дəрежеде 
үйренушінің істерін алдын
-
ала болжауға мүмкіндік береді. Адамдар 
арасындағы қарым
-
қатынасты зерттеп, эксперименттер жүргізген Дж. Л. 
Морено эмпатияны «бірін
-
бірі сезіну» деп атаған.
Эмпатия
-
басқаның қуанышын дұрыс сезіне білу қасиеті. Эмпатия
-
мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл
-
күйлерін түсінуі, өзін 
басқа адамдардың орнына қоя алуы. Қарым
-
қатынас жасаудағы басқаның 
куанышын сезіне білу психолог, педагог, өзін
-
өзі тану пəн мұғалімдері, 
əлеуметтік қызметкерлердің кəсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып 
табылады
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет