V ТАРАУ. «ПЕДАГОГ - ПЕДАГОГ» ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПТІК ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТЫҢ ЭТИКАСЫ 5.1. «Педагог - педагог» жүйесіндегі кəсіптік қарым - қатынастың жалпы сипатттамалары Әрбір адам əлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен
ақпарат алмасады, тəжірибесімен бөліседі, бірігіп, ынтымақтастық қарым
-
қатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым
-
қатынас үнемі əлеуметтік,
ұжымдық сипатта болады. Сондықтан қарым
-
қатынасты адамның əлеуметтік
ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге болады. Олай болса,
қарым
-
қатынас
-
айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы
байланысты тұрақтандырушы
[22].
Жайлап қарасақ, қарым
-
қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген
адам өмірде көп жетістіктерге жете алады, жұмысында да, беделі, абыройы
жоғары болып қоршаған адамдардың сый құрметіне бөленеді.
Шығыстың Әл
-
Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды ғұлама ойшылдары
қарым
-
қатынас ұғымының біртұтастығына, адамдар арасындағы өзара
əрекетке аса зор мəн берген. Жүсіп Баласағұнның тəлім
-
тəрбиелік ойларға
толы «Құтадғу білік» (құтты білік
)
атты дастанында адамдардың бір
-
бірімен
қарым
-
қатынас жасауы, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі туралы өте əсерлі
баяндалған. Мысалы, осы дастанда жазылған: «Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де
өлгісіз», «Ақыл көркі
-
тіл, тілдің көркі
-
сөз», «Қадірлісі
-
тіліне ұят
сіңгендер, жүрек сөзін жүрегімен білгендер!» т.б. даналық сөздерінің
тəрбиелік мəні қандай адамның болмасын жүрегіне жағымды, санасына
сіңімді екені анық.
Педагогикалық ғылымдар саласында қарым
-
қатынас мəселелері
А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодальевтің А.В.Мудриктің, В.А.Кан
-
Каликтің,
Н.Е.Щуркованың,
А.И.Щербакованың
В.А.Сухомлинскийдің,
Ш.А.Амонашвилидің, С.Л.Соловейчиктің, А.Б.Добровичтің, И.А.Зимняяның,
Я.Л.Коломинскийдің, А.А.Реанның т.б. ғалым еңбектерінде жан
-
жақты
қарастырылған. Педагог маманығына байланысты кəсіби
-
педагогикалық
қарым
-
қатынас ұғымы қолданылады. Педагогикалық қарым
-
қатынаста
педагог жетекші рөл атқарады, себебі ол баламен болатын қарым
-
қатынасты
ұйымдастыру үшін алдын ала көптеген педагогикалық міндеттерді
анықтайды.