Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Сөздің педагог қызметінде алатын орны қандай?
2. Педагогтың сөйлеу мəдениеті дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
3. Сөйлеу мəдениеті мен жалпы мəдениеттің өзара байланысын неден
көруге болады?
4. Педагогтың сөйлеуін жетілдірудің қандай жолдарын білесіз? Өз
ұсынысыңызды білдіріңіз.
1-
тапсырма.
Өз сөзіңізді мына көрсеткіштерге сəйкес талдаңыз.
-
Сөйлеу мəнеріңізге «қыстырма
-
паразит» сөздер енгізілмеген бе?
-
Негізгі ойдан ауытқымай өз ойыңызды нақты жеткізе аласыз ба?
-
Сөйлеу жылдамдығыңыз қандай?
-
Интонацияны дұрыс қолданасыз ба?
2-
тапсырма.
Әдебиеттерден В.А.Сухомлинскийдің педагог сөзіне
қоятын талаптар туралы айтқан үзінділерінен жинақ жасаңыз. Мысалы: «Сөз
-
ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нəрсемен ауыстыра
алмайсың...
.».
Үзінділерді талдап, оның мəнін ашуға тырысыңыз.
74
3-
тапсырма.
Мына қарапайым сөздерді түрлі интонациямен айтып
көріңіз: «ия», «жоқ», «сен».
Қатты. Тұтыға. Ойлана. Ерегесіп;
Жаймен. Қолпаштап. Қайғыра. Көңілі қалғандай;
Қысқаша. Таңдана. Нəзік үнмен. Салтанатты түрде;
Соза. Шаттана. Мысқылдай. Ашулана.
4-
тапсырма.
Мына сөздердің мағынасын сөздіктің көмегімен
түсіндіріңіз. Осы сөзді түрлі мағынасында қолдана отырып, сөйлем құраңыз:
тұлға, адамгершілік, әдеп.
5-
тапсырма.
Өзіңізді тексеріп көріңіз
Тест: Сіз қалай сөйлейсіз?
1) Сіз маңызды бір шараға қатысқалы тұрсыз. Ол басталғанша
қобалжисыз ба?
2) Сізге жиналыста хабарлама немесе баяндама жасауды тапсырса,
қанағаттанбау немесе ұялу сезімі бола ма?
3) Дəрігерге көрінуді ұзаққа созбайсыз ба?
4) Сізге бұрын болмаған қалаға баруды ұсынды. Іссапараға барудан бас
тартасыз ба?
5) Кез келген адаммен уайымыңызды бөлісе аласыз ба?
6) Көшеде танымайтын адам сізден сұраққа жауап беруді, уақытты
айтуды немесе жол көрсетуді сұраса, ашуланасыз ба?
7) Әке мен бала мəселесі туралы адамдар арасында түрлі
түсініспеушіліктер болады дегенге сенесіз бе?
8) Бірнеше ай бұрын танысыңызға берген қарызыңызды қайтарып алуға
ұяласыз ба?
9) Кафеде немесе асханада мерзімі өткен асты ұсынса, сіз үнсіз итеріп
тастап отыра бересіз бе?
10) Таныс емес адаммен жалғыз өзіңіз бетпе
-
бет отырып əңгімелестіңіз.
Оның бірінші болып əңгіме бастағанын жақтырасыз ба?
11) Сіз қайда болса да кезекке тұруды ұната қоймады делік. Сонда
кезекке тұрудан бас тартасыз ба, əлде кезектің соңына дейін тұрып ұзақ
күтесіз бе?
12) Жанжалды жағдайды қарайтын комиссияның құрамына кіруге
қорқасыз ба?
13) Сурет, мəдени жəне əдеби шығармаларды бағалауда жеке пікіріңіз
бар. Басқалардың пікірімен санасасыз ба?
14) Өзіңіздің жүрегіңізге жақын сұрақ бойынша қате пікір естісеңіз,
үндемей қаласыз ба, болмаса, қарсы пікір айтасыз ба?
15) Кейбір адамдардың қызметке байланысты немесе оқу тақырыбын
түсінгісі келіп көмек сұрауы сіздің ашу
-
ызаңызды келтіре ме?
16) Өз көзқарасыңызды (пікіріңізді, бағаңызды) ауызша айтқаннан гөрі
жазбаша түрде айтқанды ұнатасыз ба?
Жауаптың бағалануы:
иə
-
2 ұпай, кейде
-
1 ұпай, жоқ
-
2 ұпай.
30-
32 ұпай.
Сіз сөйлесуге шорқақсыз, бұдан сіз ғана емес,
жақындарыңыз да қиналады. Басқалармен тіл табысуға тырысыңыз. Өзіңізді
75
бақылауға алыңыз.
25-29
ұпай. Тұйықсыз, көп сөйлемейсіз, жалғыздықты қалайсыз, жаңа
тұрмыс, жаңа байланыстардың қажеттілігі сізге ұнамайды. Мінезіңіздің осы
ерекшеліктерін білгесін, өзіңізге көңіліңіз толмайды. Сондықтан осыны жою
өз қолыңызда екенін айтамыз.
19-24
ұпай. Сіз адамдармен қарым
-
қтынаста белсендісіз. Бөтен ортада
өзіңізді еркін ұстайсыз. Сіздің айтқан сөздеріңізде мысқыл басым келеді.
Бірақ бұл кемшілігіңізді түзетуге болады.
14-
18 ұпай.
Сіз жақсы сөйлесе аласыз, көп нəрсені білгіңіз келіп те
тұрады. Әңгімелесушіні ықыласпен тыңдайсыз, басқалармен сөйлескенде өз
көзқарасыңызда тұрасыз. Шулы бас қосуларды ұнатпайсыз, көп сөйлегендер
ашуыңызды туғызады.
9-
13 ұпай.
Сіз сөйлесе аласыз, көп нəрсені білгіңіз келіп тұрады,
əңгімені жақсы айтасыз, əртүрлі сауалдарға пікір білдіргенді ұнатасыз. Жаңа
адамдармен ықыласпен танысасыз, көзге түскенді қалайсыз. Кейде орындай
алмайтыныңызға қарамастан басқалардың өтінішін жерге қалдырмайсыз.
Қиын жағдайларға тап келгенде, сізге жетіспей жататыны
–
ерлік,
тұрақтылық, шыдамдылық. Шын ниеттенсеңіз, алынбайтын қамал жоқ.
4-
8 ұпай.
Сіз үнемі барлық істің ортасында жүресіз, пікірталасқа
белсене араласасыз, кейде табыспен аяқтай алмасаңыз да, барлық істен бас
тартпайсыз. Сондықтан əріптестеріңіз бен басшыларыңыз сізге қауіппен,
күдікпен қарайды.
3 ұпайдан төмен.
Сіздің сөйлесуіңіз шектен тыс. Көп сөйлеп, өзіңізге
қатысы жоқ істерге араласасыз. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да пайда болған
жайттар сізге қатысты өрбіп жатады. Қызбасыз, тез ашуланасыз. Оқу кезінде
де, жатақханада да адамдардың сізбен сөйлесуі қиын. Осыны ойла.
6-
тапсырма.
Шығармашылық жоба: Сөйлеу мəдениетіңізді дамытудың
жеке жоспарын жасап көріңіз.
7-
тапсырма.
Бөлім бойынша түйінді 10 тірек сөз жазыңыз. Осы
сөздерді пайдалана отырып өлең шығару, эссе жазу, суреттеу, сахналық
көрініс, бір əннің мелодиясына салып орындау.
|