З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


І ТАРАУ. ЭТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ. КӘСІБИ ЭТИКА



Pdf көрінісі
бет4/84
Дата03.02.2023
өлшемі1,95 Mb.
#167355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
З.С.Алканова

І ТАРАУ. ЭТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ. КӘСІБИ ЭТИКА
1.1. 
Этиканың мəні мен міндеттері
Этикалық ғылымның негізін салушы антикалық дəуір философы 
Аристотель (б.з.д.384
-
322ж.ж
.)
болып саналады. Ол 
-
этика
ұғымын 
енгізуші, оның түсініктерін бір жүйеге келтіруші, этиканың ғылым жүйесі 
ретіндегі негізін салушы. Ол «Никомаха этикасы», «Үлкен этика» атты 
еңбектер жазып, өз еңбектерінде өзіне дейінгі ғалымдардың этикалық 
көзқарастарын 
мораль 
теориясына 
жинақтады. 
Аристотельдің 
пайымдауынша, этика 
-
адамгершілік пен ізгілікті зерттейтін қолданбалы
ғылым. Оның мақсаты 
-
адамды моральдық тұрғыда тəрбиелеу. Аристотель 
адам игілігіне жарайтын іс
-
шараларды, қасиеттерді зияткерлік жəне этикалық 
деп бөлді. Шынайы адамгершілік мінез
-
құлық ақыл
-
ой мен сезімнің 
сəйкестенуі арқылы жасалады. Моральдың табиғатын зерттей келе, 
Аристотель оның саясатпен, мемлекетпен, қоғамдық игілік туралы 
ілімдермен байланысын атап көрсетеді. Этиканың адамды тəрбиелеудегі 
рөліне ерекше назар аударады 
[1].
Адамдардың алғашқы құрылыс кезінде бірігіп өмір сүруі туыстық 
қауымдардың құрылуына əкелді. Ұжымдық еңбек, бірлесіп өмір сүру 
келісілген ортақ мінез
-
құлықты талап етті. Алғашқы қауымдық құрылыстағы 
тəртіп тыйым салудың көмегімен, таптық жүйемен қорғалды. Таптық жүйені
бұзушылар барлық қауым мүшелерінің шешімімен жазаланды.Таптың 
негізінде салт
-
дəстүрлер қалыптасты. Адамның ол кезде жеке адамгершілік 
сенімдері болмады, олар қоғамның төмендегідей жағдайларға негізделген 
мінез
-
құлық нормаларын меңгерді:
-
қоғамдық пікір;
-
адамгершілік сипаттары;
-
салт жоралғылары
.
Қоғамның дамуына байланысты парасаттылық қатынастары қалыптаса
бастады. Құлиеленушілік қоғамда адамның жекелік сипаты ескерілмеді, 
парасаттылық қатынастары салт пен дəстүрге негізделіп таптық 
жанжалдарды реттеп отырды. Мораль биліктің идеологиялық құралы болып 
саналды. Онда мынадай адамгершілік нормалары қалыптасты:
-
əкені пір тұту;
-
кішілерге қамқорлық жасау;
-
патриоттық тəрбие;
-
ата
-
бабаның аруағына табыну;
-
аруақты сыйлау;
-
ұжымдық тəрбие.
Адамгершіліктің алғашқы қауымдық жəне құлиеленушілік қоғамдағы
нормаларына қысқаша сипаттама беруден мынадай қорытынды шығаруға 
болады. 
Этика
-
ежелден келе жатқан ғылым. Алғашқы қоғамдық 
құрылыстың түріне, құрылымына сəйкес этикалық ғылымдардың даму 
кезеңдерін бөлуге болады. 
Феодалдық қоғамның дамуына сəйкес Еуропадағы этикалық ойлар 


7
көне этикалық ойлардың жалғасы болды. Осы кездегі этикалық ойларды 
дамытушы ұлы ғұлама Әбу Насыр əл
-
Фараби. Әл
-
Фараби ілімінің басты 
идеясы 
-
бақыт, ақыл жəне рақымшылық. Бұл оның негізгі гуманистік 
көзқарастарының категориялары. Адам қайырымдылыққа, əділдікке 
ықыласпен бас иіп, зұлымдық пен əділетсіздікке бармауға тырысып, үлкен 
ақылдылыққа ие болуы тиіс. Мұндай кəмелетке жету үшін білім, рухани күш 
салу, психофизиологиялық мінез талап етіледі. Әл
-
Фараби адамның маңызын 
түсіндірудің адамгершілік
-
этикалық мазмұнына көп көңіл бөледі. Оның 
этикасы жүрек пен қолдың тазалығын, əлеуметтік əділдікті, адамдар 
арасындағы қатынаста ар
-
намыстылықты жариялады. Адамда ең бастысы, 
оның іс
-
əрекетінің айнасы
-
рухани негіз алға шығады деп пайымдайды [
2].
Этика
-
философиялық категория. Ол педагогика, психология, 
филология жəне заң ережелерімен сабақтас. Ол теориялық жағынан 
қарағанда заң
-
ережелерден тұратын құрылым, қоғамның, жалпы бүкіл 
адамзаттың дамуының қозғаушы күші. 
Адамның еңбектік қызметі тəжірибелік қызметтің негізгі үлгісі болып 
табылады. Осыдан бастап кəсіби этика феномені туралы айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет