8
əсерінен өзгеру мүмкіндігіне ұшырайды. Олар уақыттың кез келген
жағдайында мамандардың тəртібіне, іс
-
əрекетіне, қылығына əсер етеді.
Кəсіби этиканың негізгі міндеттері маманды тұлға ретінде жəне жоғары
білікті маман ретінде қалыптастыру жəне кəсіби міндеттерді толық жəне
тиімді шешуге ат салысу мақсатында белгілі бір кəсіптің қызметкерлерінің
санасына ықпал ету болып табылады. Жалпылай айтқанда кəсіби этика
кəсіби қызметтің нақты түрлеріне бағытталған жалпы жəне теоретикалық
этиканың нұсқауы болып табылады.
Ал педагогикалық этиканың міндеттері мынадай:
1.
Педагог үшін этикалық ілімдердің эволюциясын ашу.
2.
Педагогтың рухани
-
адамгершілік құндылықтар мен өсиеттердің
адамгершілік педагогикалық əлеуеті.
3.
Педагогтың адамгершілік принциптер мен қағидаларды меңгеруіне
ықпал ету
.
4.
Педагогты оқушының адамгершілік тəрбиесін жүзеге асыруға
дайындау
.
5.
Педагогтың немесе студенттің болашақ педагог ретінде адамгершілік
мəдениетін дамытуға жəне өзін
-
өзі дамытуға ықпал ету
.
Достарыңызбен бөлісу: