10
адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез
-
құлық нормалары жайындағы
біліммен кемелдендіреді
[4].
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті
-
адамның мінез
-
құлқын тəрбиелеу, осы арқылы
олардың бойында əдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам
арасындағы қатынасты реттеу болса, адамгершілік тəрбиесі оқушылардың
моральдық сенімдерін, жағымды мінез
-
құлық дағдылары мен əдеттерін
қалыптастырады. Олар өзін
-
өзі танудағы жалпыадамзаттық құндылықтар:
ақиқат, дұрыс əрекет, сүйіспеншілік, қиянат жасамау, ішкі тыныштық
негізінде жүзеге асырылады. Оларды түсіну адамның жоғары рухани
болмысын жарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаны рухани
-
адамгершілік жағынан жетілдіру арқылы оның үйлесімді даму үдерісінің
ашылуына, өмірлік жолды саналы таңдауға ықпал етуге, жоғары «Мен»
тұлғасын ұғындыруға бағыттауға болады. Рухани адамгершілік тұрғыдан
сана
-
сезімі оянған адам ғана уақытша құндылықтардан мəңгілік
құндылықтарды, жалғаннан ақиқатты ажырата біледі. Өзі де тыныштық
тауып, өзгелерге ізгі қарым
-
қатынас жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: