54
Бірінші жағдайда, әдетте, сапалы нәтижелер алынады (көп-аз; жоғары-төмен).
Сол нысандарды эталонмен салыстыру сандық сипаттамаларды алуға
мүмкіндік береді. Мұндай салыстырулар
өлшеу
деп аталады. Салыстыру
арқылы нысан (объект) туралы ақпаратты 2 жолмен алуға болады:
1)
салыстырудың тікелей нәтижесі (бастапқы ақпарат);
2)
бастапқы деректерді өңдеу нәтижесі (қайталама немесе туынды
ақпарат).
Өлшеу
– өлшеу бірлігі арқылы кейбір шаманың сандық мәнін анықтау.
Өлшеу мынадай негізгі элементтердің болуын көздейді: өлшеу объектісі,
көрсеткіш, өлшеу аспаптары, өлшеу әдісі. Өлшеу салыстыру операциясынан
дамиды, дегенмен ол күшті және әмбебап танымдық құрал болып табылады.
Эксперимент (тәжірибе)
– бұл зерттеуші жасанды жағдайлар жасау
немесе тиісті қасиеттерді анықтауда қажетті табиғи жағдайларды пайдалану
жолымен оған белсенді және мақсатты әсер ететін объектіні зерттеу әдісі.
Бақылаумен
салыстырғанда
объектіні
эксперименталды
зерттеудің
артықшылықтары келесідей:
-
эксперимент барысында негізгі үдерісті қараңғылайтын жанама
факторларды жою арқылы «таза түрде» құбылысты зерттеуге болады;
-
эксперименталды жағдайларда объектілердің қасиеттерін зерттеуге
болады;
-
эксперименттің қайталануы, яғни қажет болғанша сынақты қайтадан
өткізуге болады.
Эксперимент келесі жағдайларда жүргізіледі:
-
объектінің бұрын белгісіз қасиеттерін табу әрекеті кезінде;
-
теориялық құрылыстардың дұрыстығын тексеру кезінде;
-
құбылысты көрсету кезінде.
Ғылыми зерттеуде эксперимент және теория бір-бірімен байланысты
болып келеді. Экспериментті елемеу қателіктерге әкеп соқтырады, сондықтан
эксперименталды зерттеулерді жан-жақты өрістету бүкіл заманауи ғылымның
дамуының ең маңызды жолдарының бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: