47
4.5 Ғылыми бағыт, ғылыми мәселе және ғылыми зерттеу
жұмысының тақырыбын таңдау
Ғылыми-зерттеу жұмысын бағыттарға, мәселелерге және тақырыптарға
бөліп қарастырады.
Ғылыми бағыт
– ғылымның белгілі бір саласындағы қандай да бір ірі,
іргелі теориялық-эксперименталдық міндеттерді шешуге арналған ғылыми
ұжымның ғылыми зерттеу саласы.
Мәселе
– зерттеудің маңызды саласын қамтитын және перспективті
маңызы бар күрделі ғылыми міндет. Мәселе бірқатар тақырыптардан тұрады.
Тақырып
– ғылыми зерттеудің белгілі бір саласын қамтитын ғылыми
міндет. Ол белгілі бір ғылыми мәселелерге негізделеді.
Ғылыми сұрақтар
деп ғылыми зерттеудің нақты саласына қатысты ұсақ
ғылыми міндеттерді түсінуге болады.
Мәселелерді немесе тақырыптарды таңдау қиын болып табылады, әрі ол
жауапты міндет және бірқатар сәттерді қамтиды.
Мәселені (проблеманы) қалыптастыру:
-
мәселе ескі білімнің күші қабілетті емес, ал жаңасы туындаған
сұрақтарға жауап беру үшін әлі дамымаған кезде туындайды.
-
ғылымдағы мәселе – бұл өз шешімін талап ететін даулы жағдай.
-
мәселенің дұрыс тұжырымдалуы – бұл табыстың жартысы, өйткені бұл
ең бастысын басқасынан ажырата білу және зерттеу тақырыбы бойынша
белгісіз нәрседен белгілі нәрселерді бөлу, ал бұл іздеу стратегиясын
анықтайды.
-
зерттелетін бағыттың қарама-қайшылықтарын талдау негізінде негізгі
сұрақ мәселені тұжырымдайды және жалпы ерекшелікте күтілетін нәтижені
анықтайды.
Мәселенің құрылымын әзірлеу:
-
мәселені тақырыпқа, тақырыпшаға, сұрақтарға бөледі;
-
олардың әрбірінің осы компоненттері бойынша болжанған саласы мен
алдағы зерттеулерінің көлемін анықтайды.
Тақырыптардың өзектілігін анықтау
– ғылым мен техниканың өрлеуі
үшін олардың қазіргі кездегі құндылығы. Зерттеудің өзектілігі – бұл зерттеуді
неге дәл қазір жүргізу керек деген сұраққа жауап.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы болуы тиіс.
Бұл:
-
мұндай тақырып ешқашан әзірленбеген және қазіргі уақытта
тақырып басқа бір тұлға арқылы әзірленбеуде, яғни қайталанбаған дегенді
білдіреді.
-
ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау кезінде жаңашылдық инженерлік
емес, яғни ғылыми тұрғыдан жаңа болуы тиіс.
-
егер жаңа міндет әзірленсе де, тіпті ашық заңдылықтар негізінде де
бұл ғылыми әзірлемелер емес, инженерлік сала болып табылады.